Бүгін біздің тілшіміз «ESP-Center» ЖШС басшысы Сергей Валеевпен әңгімелеседі. Сергей Валентинович кәсіпкерлік қызметпен шамамен он жыл айналысуда. Жеті жыл бойы ол жұмысын және қайырымдылық істерді қоса атқаруда. Биыл кәсіпкер «АЯЛА» қайырымдылық қорына ақпараттық қолдау көрсетті. Сергей Валентинович бізге берген сұхбатында бизнесін құру, қормен бірлескен жұмысы және болашақтағы жоспарлары туралы айтып берді.
Сіздердің компанияларыңыз немен айналысады?
«ESP-Center» ЖШС компаниясы – жас, креативтік және нәтижелі команда. Басты мақсаты – ұзақ әрі тынымсыз жұмыстың арқасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу. Біз бизнес- және сауда-ойын-сауық орталықтарымен, супер- және гипермаркеттермен, сондай-ақ ірі нарықтармен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Біздің жұмысымыз радиожарнама орналастыруды, дауыстық хабарлау жүйелеріне қызмет көрсету мен жаңғыртуды, сондай-ақ аудио- және бейнежарнама дайындауды қамтиды. Қазіргі уақытта біз түрлі бағыттағы жаңа әрі серпінді технологияларды қолдана отырып жарнама кеңістігін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Компанияның құрылу тарихы туралы айтып берсеңіз және Қазақстанның қандай өңірлерінде жұмыс істейсіз?
«ESP-Center» ЖШС компаниясы 2009 жылы Петропавл қаласында ұйымдастырылды. Үш жылдан кейін біз Көкшетау қаласында филиал аштық. Одан кейін Астана қаласында өкілдік ашылды. 2014 жылы Алматыдағы өкілдіктің ресми ашылуы болды. Ал Жаңа жылда біз Алматы қаласында «TRINITY RECORDS» дыбыс жазу студиясын ашуды жоспарлап отырмыз.
Қазіргі кезде біз Петропавл қаласында 27 хабар тарату объектісімен ынтымақтаса жұмыс істейміз және жарнама орналастырамыз. Сонымен бірге біздің Көкшетау қаласында 14 хабар тарату объектіміз, Астанада 30 және Алматыда 30 хабар тарату объектіміз бар.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының игі істеріне қатысу туралы ой қалай және қашан пайда болды?
Фирма құрылған сәттен бастап біз қайырымдылық істерімен бірден айналыса бастадық. Біздің қызметіміз адамдарға пайдалы ақпарат жеткізу деген ойды нақты сезіну болды. Біздің бейне- және аудиожарнамамызда жақын арадағы қалалық мәдени іс-шаралар мен мерекелер және т.б. туралы хабарланады. Сондай-ақ халық түрлі акциялар және тауарларға жеңілдіктер туралы хабардар болады.
Қайырымдылық жобаларға қатысу туралы хабарлап, оларға қатысуға үндеу тастай отырып, біз аса маңызды миссияны орындап жатқанымызды түсінеміз. Сол арқылы біз осындай материалдық емес нысанда қайырымдылық ұйымдарына көмек көрсетеміз.
Қайырымдылықтың басқа түрлерімен айналысасыз ба?
Әрине, біз әрдайым балалар үйлеріне, сондай-ақ бағасы қымбат емделуге мұқтаж балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және көп балалы отбасыларға көмектесуге тырысамыз.
Қайырымдылық саласындағы жоспарларыңыз туралы айтып берсеңіз.
Менің зайыбым Светлана көптен бері жеке қайырымдылық қорын ашуды армандайды. Бұл арманын уақыт өте бірлесіп іске асырамыз деп ойлаймын.
Сұхбатыңызға рақмет, Сергей Валентинович! Біз Сіздің зайыбыңыздың арманы жақын уақытта іске асырылады деп үміттенеміз. Қайырымдылық қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету ауқымды қаржылық іргетасты талап ететіндіктен Сіздің бизнесіңізге табыс тілейміз. Сонымен брге Сізге және барлық жақындарыңызға мықты денсаулық және береке-бірлік тілейміз.