Қайырымдылықтың ерекше үлгісі

ЖШС «Албана» бір жыл шамасы арасында «АЯЛА» қайырымдылық қорына үнемі ақысыз жұпар иісті және пайдалы көп банан беріп отырады. 

 

ЖШС «Албана» бір жыл шамасы арасында «АЯЛА» қайырымдылық қорына үнемі ақысыз жұпар иісті және пайдалы көп банан беріп отырады. ЖШС «Албана» қызметкерлері «АЯЛА» қорының  өте көп қамқорлыққа алғандары бар екенін біледі. Олар балалар үйлері де, аз қамтылған жанұялардың балаларына арналған интернаттар да, арнайы (түзеу) мектеп – интернатары да, балалар санаториялары да, бала үйлері де. Бұл мекемелердің балалары мен қызметкерлері, келгенде витаминді сыйлықтар ала келетін қордың қызметкерлерін үнемі қуана қарсы алады. Бананның құрамында, балалар әлеуметтік мекемелерінің түлектерінің азда болса көңілдерін көтеретін адам бағының гормонының аналогы болады. Мен ЖШС «Албана» директоры Владимир Петрович Мариуцамен сұхбаттасып отырмын. 

- Базарда банандар арзан емес, және ата – аналардың барлығының өз балаларын осы ерекше жеміспен алдай алатындай мүмкіндіктері бола бермейді, ал Сіз болсаңыз, өзіңіз де білмейтін бөтен балаларға үнемі көп жеміс беріп жіберіп жатасыз. Айтыңызшы, Сізді қайырымдылықтың осындай түрімен  шұғылдануға не итерді?

- Қысқаша жауап берсем – білмеймін, ал әңгімені соза жауап беруге де болады. Мен өзім немен көмектесе аламын екен, деген сұраққа жиі жауап іздеймін де... қолымнан келгенін жасаймын.  Қажеттілерге көмек көрсету фактісін түсінуім, қоғамда және барлық еліміздің арасындағы оңды өзгерістердің керектілігі – осының барлығы менің бүгінгі өмірлік ұстауымды жақсы бір қортындыға келтірді. Мен қайырымдылық ісім арқылы күнделік барлығымды жақсартқым келеді, және патриот болғандықтан, өз елімнің келешегіне үміттенемін. Болашағымыз – ол ұрпақтарымыз, бірақ бүгінгі күнде барлығы жетісіп тұрған жоқ, ауру балалар, ата – аналарының қамқорысыз қалған жетімдер, және жағдайлары төмен жанұялардан балалар бар. Әрине, бәріне бірақ көмектесе алмаймын, ал ең құрмаса бірнеше балаға көмектесуге шамамыз келіп тұрғанда, біз қайырымдылық ұйымдарды қолдаймыз. 

- Владимир Петрович, Сіз тек «АЯЛА» қайырымдылық қорымен ғана қызмет жасайсыңыз ба, әлде, Сіздің бізден басқа тағы серіктестеріңіз бар ма, және осы ұйымдарды таңдағанда қандай принциптерді басқа аласыңыз? 

Біз қазақстандық нарығында салыстырғанда жас фирма боламыз, сондықтан бүгінгі күндер «Фанк», «Гражданский альянс» және, әрине, «АЯЛА» сияқты бірнеше ұйымдармен қайырымдылық жәрдем беруден тәжірибеміз бар, бірақ біз ешқандай жағдайда басқа қайырымдылық ұйымдармен және балалар үйлерімен ынтымақтастасу мүмкіндігінен қашпаймыз.

Қайырымдылық деген – ол өте маңызды іс, оны бақылау керек, көмек бәрінен де нақты керек жерге түсу үшін, оны қадағалау керек. Бірақ, өкінішке орай, олай болмай қалатын көп жағдайлар да бар. Сондықтан, біз үшін кез келген ұйыммен ынтымақтастасудың ең басты критерияларыдың бірі, ең алдымен, анықтық, ішкі бақылау болып табылады.

- Өз компанияңыз туралы кішкене айтып берсеңіз, және Сіздің бизнесіңіз дамуының қай кезеңінде қайырымдылық туралы ой туды?

- Алдында айтып кеткендей, біздің фирманың ашылғанына көп болған жоқ, міне сондықтан, нарықтан өз орнын алуға белсеңді ұмтылуда. Біз Қазақстанда импортта, маркетингте және экологиялық таза жаңа әкеліп түсірген жемістердің сатуында маманданамыз. Көп басқа компания – импортерлер сияқты, бізде Ресей мен Еуропаның импортінен бастадық. Алайда, біз арамыздағы қатынастарды басқа елдермен де араласып кеңейттік. Біз делдалдардан аулақ болуға, сөйтіп, тауар өндіретін елдердегі үлкен компания – экспортерлермен тікелей қатынас орнатуға ұмтыламыз. Қазір біз Голландия, Испания, Италия, Франция, Аргентина, Чили, Эквадор, Израиль, Марокко, Египет, ОАР    сияқты елдерден тікелей тауарлар  аламыз, бұнымыз жоғарғы сапалық пен қауіпсіздіке кепіл болады.

Бизнесіміздің дамуы көмек көрсетуге, әрине, жағдайдың маңызын зор қылды, бірақ, қайырымдылық туралы ойдың туғаны, біріншіден, балалар ұшырыған жағдайларының төмен екенін түсінуден болды. Мен қайырымдылықпен барлығы айналыса алатындығына иланамын.

- Сіздің компанияңыздың жалпы және қайырымдылық істің саласындағы жоспарларыңыз  туралы айтып берсеңіз етті. 

- Біз осылай әрі қарай да «АЯЛА» қайырымдылық қорын қолдай түсуді жоспарлап отырмыз. Біз басқа да мекемелер мен ұйымдармен ынтымақтастасуға ашықпыз, және біздің балаларымыздың ақ болашағына үлес қосамыз деп үміттенеміз.

Сұхбаттасуларыңызға рахмет. Барлық қайырымдылық ұйымдардың қамқорындағыларының атынан Сізге және Сіздің компанияңыздың барлық қызметкерлеріне денсаулық, табыстық және жанұяларының амандығын, ал Сіздің бизнеске өркендеулік тілейміз. Бұл сұхбат біздің еліміздің көп бизнесімендері үшін қайырымдылықпен айналысуға болады және керек екеніне көрнекті үлгі болар, ден сенеміз. Және бұл іспен, өз жұмыстарымен өздерінің сенімге, жауаптылыққа, ашықтылыққа тұратынын  дәлелдеген қайырымдылық қорлармен бірге айналысу ыңғайлы және тиімді болар, деп тағы сенеміз.