Британ қазақтары

Британ қазақтары

Қыркүйек айында Астана мен Алматыда Британ-Қазакстандық Қоғамымен ұйымдастырылған екі жүгіріс өтті. 

Қыркүйек айында Астана мен Алматыда Британ-Қазакстандық Қоғамымен ұйымдастырылған екі жүгіріс өтті. Есте қаларлығы, бұл жүгірістер қайырымдылық болды. Жүгірістің дайындау және өткізу барысында жиналған барлық қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасына бағытталған болатын. Бүгін біз Британ-Қазақстандық Қоғамның атқарушы директоры Гаухар Брамлей-Фентонмен сұхбаттасып отырмыз.

- Британ-Қазақстандық Қоғамның пайда болғанына көп болды ма және ол немен шұғылданады?

- Британ-Қазақстандық Қоғам (British-Kazakh Society, BKS) 2002 жылы, яғни, 10 жыл бұрын негізделген. Оның басты қызметі – ол Ұлы Британ мен Қазақстанның арасындағы барлық деңгейдегі байланыстарды жақсарту.

BKS-ның патрондары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Оның Корольдік Мәртебесі  Герцог Йоркский болды. 

- Жүгірісті өткізу идеясының туындау тарихы туралы айтып беріңізші.

Бұл идея бізде «Эйр Астана» әуе компаниясын қолдаған кезде, 2008 жылы 12 қазанда пайда болды. Ол Лондондағы Патша паркіндегі жартылай марафонға қатысқан болатын. Қалжырататын 13,1 милді кедергіден өткеннен кейін, команданы Сәуле Құдайбергенова (Аджип ККО-ның бұрынғы қызметкері) мен мен қарсы алдық. Қазақстанда қайырымдылық жүгірісті өткізу туралы ой нағыз сонда, Эйр Астана командасымен бірге фототүсіру мен пікір алмасу кезінде пайда болды. Яғни, қазақстандық командасының Ұлы Британиядағы жүгіріске марафонның тұрақты қатысушыларымен қатарлас қатысқандар фактісі осындай жүгірістерді біздің астана мен Қазақстандағы барлық үлкен қалаларында барлығымызды өткізуге қайраттандырды.  

- Сіз Лондонда тұрасыңыз. Сіз осындай шараларды қалай Қазақстанда ұйымдастыруға тарта аласыңыз? Сізге кім көмек береді?

- Өте көп адам көмектеседі, бұны жалғыз жасауға мүмкін емес. Астана әкімшілігіне, олардың осы идеяны қолдағаны үшін, және бізге, міне, төрт жыл қатарымен мүлде ақысыз көмектесіп келеді, ерекше ризашылығымызды білдіргіміз келіп отыр. Сонымен қоса, барлық бұрын Ұлы Британияда оқыған студенттер көмектеседі, бірге жұмыс істеп жүрген адамдар, оларға біз ақша жинап жүрген ұйымдар көмектесіп жүр. Өте көп адамдар, оларды бір кезде атап кету керек. Мен тағы да, осындай заттарды жалғыз жасау мүмкін емес, деп қайталап белгілеймін.

- Осы жүгірістерді қайырымдылық ету ой қалай пайда болды?

- Бұл ағылшынсаксондық идеясы. Әлемдегі батыс жағында өтетін барлық жүгірістер әрқашанда қайырымдылық болады. Спорт шаралары да бар, ол Олимпиада, атлетика жарыстары, ал біздің көріп жүрген барлық марафондарда үнемі тек қайырымдылықтың астары болады.

- Астанада өткен жартылай марафон мен Алматыдағы 10 км жүгіріс барысында қанша ақша жиналды?

- Жалпы қосқанда біздің 7 674 000 теңгені жинап алуға шамамыз келді. Бұл өте жақсы сан, сондықтан, біздің үлесіміз Петропавл облыстық перинаталды  орталығының реанимация бөліміне арналған медициналық жабдықтардың шығынын жабуға мүмкіндік берер, деп үміттенеміз.

- Сіз неге нақ «АЯЛА» қайырымдылық қорын бенефициар ретінде таңдап алдыңыз?

- Алғашқы рет мен «АЯЛА» қайырымдылық қоры туралы әуежайда естідім. Онда осы қордың әрекеті туралы жорналдар таратылады, мен «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы оқып, қатты есерленіп қалдым. Тағдырға қарай, BKS «АЯЛА» қорының өз әрекетіне 5-жылдық мерейінің құрметіне өткізген, Марат Бисенғалиев берген қайырымдылық концертін демеуге тартылды. Менің, бәрі осылай қалыптасқаны үшін қуанышыма шек жоқ. Тамаша адамдар, тамаша қор, тамаша игілікті мақсаттар, сондықтан біз «АЯЛА» қорымен жұмыс істеу мен «Тыныс ал, балақай» жобасына қатысуды құрмет көрдік.

- Өзіңіздің жоспарыңыз туралы айтып беріңізші.

- Біз Қазақстандағы барлық үлкен қалаларында марафондар өткізгіміз келеді. Жастарды салауатты өмір салттарына тартып, оларды жақсы істі ең құрмаса жылында бір рет жасауларына болатынына дағды ету керек. Тек қайыр жасау емес, толық соған ену – денесімен, және жанымен, және ынталылығымен. Биыл біз Астанада жартылай марафон (21.0975 км) мен Алматыда жүгіріс (10 км) өткіздік. Біздің аяғындағы мақсатымыз – ол 42 км 195 м толық қашықтығымен марафон өткізу. Бұл өте қиын нәрсе, сондықтан біз қалаларды да, ауылдарды да, осы жылда болатын оқиға болатындай етіп,  ептеп дайындап жүрміз.

Гаухар, менің қызық және әсер әңгіме үшін алғысымды айтқым келеді. «Демеу» қайырымдылық туралы жорнал редакциясының атынан қайырымдылық істе Сізге табыс тілегім келеді. Біздің жорнал Сіздің барлық бастауларыңызды қолдап отырады. Сіздің барлық жоспарларыңыз өмірге асырылсын, және Сіздердің жүгірістеріңізге жылдан жылға одан да көбейіп адамдар мен демешілер қатыса берсін.