ВОЛОНТЕР БОЛУ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

ВОЛОНТЕР БОЛУ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

Қайырымдылық қорларының жұмысы – бұл демеушілерді іздестіру және қажетті жабдықты немесе техниканы сатып алу ғана емес. Бұл сондай-ақ біздің қамқорлығымыздағы балаларға өтеусіз негізде немесе шамалы ақыға көмектесуге дайын волонтерлермен ынтымақтастықта болу. «АЯЛА» қоры бірнеше еріктілермен ынтымақтаса отырып шет тілдерін үйрену, түрлі шеберлік сабақтарын жүргізу және т.б. бойынша жобалар жүргізеді. Бүгін біз сіздерді Алматы қаласы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілін оқытатын Мақсат Кенжетаймен таныстырмақшымыз.

Қайырымдылық қорларының жұмысы – бұл демеушілерді іздестіру және қажетті жабдықты немесе техниканы сатып алу ғана емес. Бұл сондай-ақ біздің қамқорлығымыздағы балаларға өтеусіз негізде немесе шамалы ақыға көмектесуге дайын волонтерлермен ынтымақтастықта болу. «АЯЛА» қоры бірнеше еріктілермен ынтымақтаса отырып шет тілдерін үйрену, түрлі шеберлік сабақтарын жүргізу және т.б. бойынша жобалар жүргізеді. Бүгін біз сіздерді Алматы қаласы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілін оқытатын Мақсат Кенжетаймен таныстырмақшымыз.

Сәлеметсіз бе, Мақсат. Өзіңіз туралы айтып берсеңіз. Волонтер болам деп қашан шештіңіз?

Мен бір жылдан астам уақыт бойы ADD CAPITAL холдингінің құрылымында жұмыс істеймін. Жоғары білімді Қытайдан алғандықтан негізінде Қытайдағы әріптестермен жұмыс істеймін. Шет тілдерін білуімді жиі пайдалануға тура келеді. Белгілі бір сәтте мен осы салада волонтер бола алам ғой деп ойладым.

Менің әрдайым әлеуметтің дамуына қандай да болмасын үлес қосу туралы ішкі ниетім болды, сондықтан мен университет жанындағы волонтерлік клубқа кірдім. Студенттік жылдары біз түрлі әлеуметтік жобаларға және білім беру іс-шараларына жиі қатысып тұрдық. Әлеуметтану бойынша дәрістер болған кезде профессордың әлемнің әділетсіз жаратылғаны және өркениеттің бір белгісі – елде көп адамның волонтерлікпен айналысатыны туралы айтқаны әлі есімде. Маған өркениетті қоғамның тұжырымдамасы ұнайды, сол себепті осы үшін бос уақыт табуға тырысамын.

Сіз қандай жобаларға қатысасыз, неліктен?

Қазіргі кезде аптасына екі рет Алматы SOS Балалар ауылының балаларын оқытамын. Бұрын № 1 Балалар үйінің балаларымен жұмыс істедім, бірақ олар есейіп, жан-жаққа кетті. Болашақта оқуға ниет білдіретін балалардың саны көбейеді деп үміттенемін.

Балалар – бейкүнә жандар, олар дүниеге келетін жағдайын таңдамайды. Алайда біздің, ересек адамдардың, олардың өмірін жақсартуға мүмкіндігіміз бар. Бала және оның жарқын болашағы үшін жақсы білім, тәрбие мен қамқорлықтан тиімді әрі өнімді еш нәрсенің болмайтынына сенімдімін. Сондықтан өзімнің үлгімде балаларға білім беру жолында қандай жетістікке жетуге болатынын көрсетуге тырысамын.

Волонтер болу сізге не береді?

Бұл қоршаған болмысқа басқаша қараудың және көмектің алуан түрлі болатынын көрудің жақсы мүмкіндігі. Ақшалай көмектен бастап өз бос уақытыңды балалармен сабақ өткізуге бөлуге дейін. Балаларға шет тілдерін оқыту, оларға ересек өмірде міндетті түрде қажет болатын дағдыларға үйренуге жәрдемдесу немесе демалыс күндері таза ауада қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру немесе спортпен шұғылдану.

Волонтерлік тұжырымдамасы арқылы өмір құндылықтарын қайта қарау орын алады, қандай да бір дәрежеде мінездің басқа деңгейде қалыптасу процесі жалғасады деуге де болады.

Әрине, бос уақыт әрдайым табыла бермейді. Қазіргі өмір ағысы өте жылдам, әрбір минут жоспарланған, басымдықтар, жеке амбициялар, мақсаттар және т.б. бар. Алайда әлеуметті жақсарту үшін бос уақытыңның екі-үш сағатын бөлу әлеуетті оң әсермен салыстырғанда өте аз құрбандық екендігіне жеке басым сенеді. Бейнелеп айтқанда, мультипликативті әсер пайда болады, онда бүгінгі күні волонтерлерден пайда алған жеке тұлғалар болашақта өздері барынша жоғары деңгейде және қатты құлшыныспен басқа адамдарға көмектесетін болады. Волонтерлікпен айналысу барысында  ойға еріксіз тұқым бейнесі келеді, оны жерге егесің, ол болашақта өсіп, үлкен әрі мықты ағашқа айналады, кейіннен осы жалғыз ағаштың орнында тұтас орман пайда болатыны анық.

Волонтерлік жобаларға қатысу сіздің мінезіңізге әсер етті ме? Қалайша?

Осыған дейін атап өткенімдей, волонтер болу – өзіңнің әлеуметтік өрісіңді кеңейтудің, өмірлік тәжірибе жинақтаудың, қоғамға және еліңе деген сүйіспеншілікте болудың және әлеуметтік ортаны жақсарту процесінен ортақ ықыласты бөлісудің жақсы тәсілі. Әрбір іс-шарадан кейін қандай да бір көзқарастарды қайта тану орын алады. Шамалы ғана көңіл бөлу пайдалы болатын адамдар бар. Менің оқушыларым пәнімді қуана үйренетінін көргенде немесе мектептегі жақсы бағалары туралы хабарлаған кезде немесе олардың тәрбиешілері менің сабақтарымның балалардың өміріне оң әсер ететінін көрген кезде, мен өз еңбегімнің босқа кетпегенін түсінемін.

Мақсат, сіз балалармен байланыста боласыз ба?

Барлық адамдар сияқты, мен жұмыс істейтін балалар түрлі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Осы желілер арқылы олардың өмірінде болып жатқан оқиғаларды білуге, олармен бірге қуаныштарын бөлісуге мүмкіндік бар. Балалардың тәрбиешілерімен көбірек байланыста болуға тырысамын. Олар балалардың демалыс уақытында үлгерім прогресіне қатысты жағдайдан хабардар етеді.