«АЯЛА» қайырымдылық қорының достары клубы, №10 мектеп-интернатта тәрбиеленушілері үшін мейрам ұйымдастырды. №10 мектеп-интернатта, 7-11 жас аралығында, жағдайы нашар және сәтсіз отбасылардан келген балалар тәлім-тәрбие алуда. «KazComLife» сақтандыру компаниясының қызметкерлері, интернат аймағында спорттық-ойын алаңын салды.
Сонымен қатар, «АЯЛА» қайырымдылық қорының достары клубы атынан шақырылған, Алматы Мемлекеттік Циркінің әртістері де өз өнерлерімен қуантты. «Жар-Жар»журналы, интернат алаңын әуе шарларымен безендірді. Ал, достар клубы болса, балаларға арнап дарқан да бай дастархан жайып берді. «Албана» ЖШС балаларға банан үлестірді.
Қорымыз, достар клубының барлық мүшелеріне, балалырға осындай мереке сыйлағандары үшін алғыс айтады. KazComLife компаниясы және Анастасия Жукова, Бибигуль Рүстемқызы Абулғазина, Сәуле Джақияқызы Абулғазина, Диана Баймұхаметова, Ыдырыс Сүлеев, Досан Сембай, Толғанай Сембай, Ксения Филимоновалардың аттарын ерекше атап өткіміз келеді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1099-news-kz#sigFreeId86aa51d769