Бүгін, қорымыз байырдан бері қамқорымыздағы №6 интеллектуалдық дамуында ақауы бар балаларға арналған интернатқа, әр түрлі шаралар, мереке, музыкалық жарыстар және би кештерін өткізу үшін музыкалық дыбыстық жабдық жіберді. Бұл музыкалық жабдықтар, №6 интеллектуалдық дамуында ақауы бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатына, «Ерекше балаларға – ерекше ықылас» атты жоба шеңберінде сыйланды.
Белгілі бір ауытқулары бар балалар, көбінесе басқа тұрғыда артықшылығы болатыны мәлім. Соған бірден бір дәлел, ол №6 мектеп-интернатында тәлім алатын балалар, спортпен биге жандары құмар және де керемет ән айтады. Балалардың осы музыка саласындағы қабілеттерін арттыру мақсатында, интернатқа құны 143 000 теңгені құрайтын музыкалық жабдықты сыйға тарттық. Интернат тәлімгерлерімен тәрбиешілері, өте керекті және де көптен күткен сыйлық үшін,қорымыздың қызметкерлеріне деген ең шынайы лебіздерін білдірді.