Биыл біз Қазақстан Республикасындағы Дүниежүздік балалар күнін мерекелеу дәстүрін жалғастыру керек, деп шештік. Естеріңізге сала кетейік, 1959 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы бала құқығы туралы Декларация қабылдап, Ұйымның барлық ел – қатысушыларына осы күнді атау туралы ұсыныс берген болатын. Біздің елде, және барлық ТМД - ға кіретін елдерде де бұл мереке аз аталған, немесе тіпті мүлде аталмаған. «АЯЛА» қайырымдылық қоры 2010 жылы бұл мерекені көпшілікке жариялау туралы шешім қабылдаған, бірақ, егер былтыр біз Дүниежүзілік балалар күнін бір – ақ рет үйде тәрбие алып жатқан мүгедек балалар мен өсу гормоны жетіспейтін балалар үшін атап өтсек, биыл мерекеге қатысуға тек осыларды ғана емес, басқа балаларды да тартуға шешім қабылдадық. «АЯЛА» қайырымдылық қоры Дүниежүзілік балалар күніне арналған барлығы 7 шара өткізуді жоспарлап отыр. Мерекелер тек ойын – сауық орталықтарында ғана емес, жүйке аурулары бар балаларға арналған реабилитациялық орталықтары мен жетім балаларға арналған №8 мектеп - интернатында да тағы өтеді.
2011 жылдың 8 қарашасында ТРЦ MEGA Almaty-да жоспарланған мерекенің біріншісі өтті. Осы жолы, біз дәстүрден тыс шыққан жоқпыз, Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу стартына Бостандық ауданындағы үйде тәрбиеленіп жатқан мүгедек балалар мен өсу гормондары жетіспейтін балаларды шақырдық. Мереке өзіміз ойлап тапқан ОСТС (ойын – сауық + тамақ + сыйлық) формуласы бойынша өтті. Ойын – сауық ретінде балалар Happylon ойын – сауық орталығының аттракциондарында тебу болды, мерекенің қатысушылары үшін дастарханды Happy burger жайды, ал сыйлықтарды «АЯЛА» қайырымдылық қорының достар Клубы берді. Өсу гормондары жетіспейтін балалар сыйлық ретінде «Көңілді бобтар» үстел ойынына ие болды, ал мүгедек балалар болса, жыныстары мен жастарына қарай, мәшинкелер, қуыршақтар мен DVD фильмдерді алды.
Happylon ойын – сауық орталығының барлық территориясы, аттракциондары, 4D кинотеатрлары, аниматорлары төлем ақысыз бізге берілді. Түскі асты да бізге төлем ақысыз Happylon территориясында орналасқан фаст фуд берді. Сыйлықтар үшін «Мамамия» и «Ciao pizza» мейрамханалар желісіне бөлек алғыс айтамыз. Мерекеге қатысушылар мен олардың ата-аналарының атынан «Happylon Сorp.» компаниясының басқарма төрағасы Рустам Борисович Агеевке, ЖК «Луценко П. В.» бас директоры Павл Валерьевич Луценкоға, және «АЯЛА» қайырымдылық қорының достар Клубының президенті Флюра Мухтаровна Батыроваға жеке алғысымызды айтамыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1169-news-kz#sigFreeId2256f8139b