21-11-2011 Мереке қаланы аралауда

Психикалық дамуларында кешеуілдері бар балаларға арналған  № 8 арнайы (түзету)...

Психикалық дамуларында кешеуілдері бар балаларға арналған  № 8 арнайы (түзету) мектеп – интернатындағы Дүниежүзілік балалар күн мерекесіне Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері  мен біздің қордың достар Клубының өкілдері келді.  Балалар да, тәрбиешілердің өздері де цирк тамашасын үлкен қуанышпен және жылулықпен қарсы алды. Күлкілі клоундар Балтабай мен Балғабай, жонглерлер, гимнастар, акробаттар, эквилибристер және үйретілген жануарлар мерекенің барлық қатысушыларына бірталай  баhралы минуттар сыйлады.

Балалар ұзақ уақытқа дейін әсіресе оларға ұнап қалған клоун Балғабайды жібергілері келмей қалды. Цирк әртістерінің әшекейленген ойын көрсетулеріне қосымша, «АЯЛА» қорының  достар Клубынан интернат сыйлыққа спорт бұйымдарын алды – хула-хуптар, баскетбол, футбол, волейбол доптарын, галтельдер және т.б. Одан басқа, әр бала жұпарлы, ашық түсті және тәтті дәмді апелсиндер алды. Бұл мерекенің ең басты қуанышы балалардың да, бар интернат қызметкерлерінің де көтеріңкі көңіл күйлері болды.  

  Барлық фотосүреттерді жүктеп