23-11-2011 Балалар тайғанақта

Бүгін Mega ice мұз айдынында біздің қор Дүниежүзілік балалар күніне арнаған кезекті мереке...

Бүгін Mega ice мұз айдынында біздің қор Дүниежүзілік балалар күніне арнаған кезекті мереке болып өтті. Жанұялары аз қамтылған, нашар және толық емес жанұя балаларына арналған №17 мектеп – интернатының екінші сынып оқушылары бұл мерекені конькимен қарсы алды. Кейбір балалар конькиге өмірлерінде бірінші рет тұрған екен, ал мұз айдынында бірінші қадамдарын жасауға біздің қордың еркіншілері көмектесті.

Барлық бұйымдарды, оның ішінде мұз айдынын және инструктор жұмысын «Mega ice» компаниясы ақысыз ұсынды. Мұзда теуіп болған соң, балалар жедел тағамдар дайындау мейрамханаларының бірінде түскі астарын ішті. Мерекенің аяғында барлық бала біздің қордың достар Клуб мүшелері Ксения Филомонова, Анна Денисенко және Айжан Уксумбаева сатып алған сыйлықтарға ие болды. Біз сол үшін оларға үлкен мойндау мен құрметтік көрсетеміз.

Барлық осындай шаралар сияқты осы шара да біздің еркіншілеріміздің белсеңді қатысуларысыз табысты өтпес еді. Еркіншілік – ерекше қаражат шығын шығарылмайтын қайырымдылықтың бір түрі. Тек кез келген қайырымдылық шараға қатысушы болуға тілек білдірсе болды. Негізі, адамнан тек осы жәрдемділікті керек ететін адамдарға көмек көрсетуге тілек білдіруді талап етеді. Және ең бастысы, осы жәрдемділікті нағыз тиімді етсе болды.   

  Барлық фотосүреттерді жүктеп