Жаңа жыл қарсаңында ССО «Globus» біздің қордың қамқорындағы балалар үшін кезекті сыйлық жасады. Дамуларында интеллектуалды бұзулары бар балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп – интернатының түлектері Лермонтов атындағы театрда өткен мерекеге қатысуға мүмкіндік алды. Балалар мен олардың ата – аналары үшін не бары 200 билет бөлінген болатын. Интернаттың түлектері – «ерекше» балалар болғандықтарына қарамастан, олар Аяз ата, Ақшақар және басқа да ертеги кейіпкерлері қатысқан таңертеңгілікке белсеңді және қуана қатысты.
Ерекше керектіктері бар балалардың басқа дендері сау қатарластарымен кез келген шараға қатысуларының екі дәу плюстары бар: біріншіден, ол біздің қамқорымыздағылардың әлеуметтіліктерін көтеруге себеп болады, екіншіден, бірқалыпты балалардың және олардың ата – аналарынның неше түрлі патологиялары бар адамдарға деген көз қарастарын шыдамды етіп қалыптастырады.
Біздің қор, біздің қамқорымыздағы балалар үшін бірінші рет емес жағымды сыйлық жасаған, Айгерім Жұмадиллаевнаға шын жүректен жылы алғыстарын айтады. Айгермді жеке және ССО «Globus» барлық қызметкерлерін интернаттың түлектері мен олардың ата – аналарының аттарынан келе жатқан 2012 Жаңа жылдарымен құтықтай отырып, қайырымдылық іске үнемі қатысып жүргендері үшін разылығымызды білдіреміз. Барлық жандары ашыр, мейрімді адамдарға келе жатқан жаңа жылда және кейінгі болатын жылдарда денсаулық, бақыт және табыс тілейміз.