Астанада ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы оңалту мектеп-интернатында сенсорлық бөлме ашылды. Бұл ерекше түрде ұйымдастырылған, баланың барлық сезім органдарына – көру, есту, иіс сезу, дене сезу және дәмге әсер ететін әр түрлі стимуляторлармен толтырылған қоршаған орта. Жобаның құны 2 810 000 теңгені құрады.
Осы күні Алматыда көзі нашар көретін және сөз сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 124 бөбектер бақшасында «Көздің көруін қорғау бөлмесі» жобасының шеңберінде көз дәрігерінің бөлмесіне жабдық салтанатты түрде тапсырылды. Көздің көруін қорғау бөлмесінің негізгі функциялары – аметропияны консервативтік емдеу, көздің шаршау синдромын жою және көру органының функционалдық жай-күйін жақсарту, кейбір созылмалы дистрофиялық ауруларды қалпына келтіріп емдеу. Бұл бөлме үшін көз көруді тексеруге арналған кестелер, офтальмоскоп, қыли көзді және амблиопияны емдеуге арналған синоптофор жалпы сомасы 1 474 500 теңгеге сатып алынды.
Сенсорлық бөлмеге арналған қаражатты және көз дәрігерінің бөлмесіне жабдықты биыл Британ-Қазақ Қоғамы Астанада және Алматыда өткізген екі қайырымдылық жүгіру жарысының қорытындысы бойынша жинағанын атап өтеміз. Тұңғыш астаналық марафонға Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің және Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың қатысқанын еске сала кетейік. Жүгіру жарысы демеушілердің қолдауымен өткізілді. Бұлар «Эйр Астана» әуекомпаниясы, EurasianResourcesGroup (ERG), KIOGE. 2015 жүгіру жарыстарының BKS әріптестері – Қазақстанның Даму Банкі, Самұрық-Қазына, Теміржолэнерго, ASU сауда маркасы бар RG Brands компанияларына, Спорттық жекпе-жек және спорттың күрес түрлері конфедерациясына, Haileyburyschool, WorldClass фитнес-клубына, Еуразия скандинавиялық жүріс мектебіне, Palladium мейрамханалар кешеніне, SWEETS кондитерлік ұйымына, сондай-ақ NE.FM радиосына және ELLE журналына ақпараттық қолдау үшін үлкен алғыс білдіреміз. Астаналық марафонға 700 жүйрік қатысты.
Жүгіру жарысы кезінде екі жобаны іске асыруға қажетті сомадан көп сома жиналғанын қосымша атап өтеміз. Қалдығы 1 989 744 теңге болды. Бұл соманы «АЯЛА» қоры Ақмола облысының Есіл қаласындағы психологиялық-педагогикалық оңалту бөлмесінде сенсорлық бөлмені ашуға жұмсайды.
«Көз дәрігерінің бөлмесі біздің мекеме үшін аса маңызды. Бүгінгі күні оған 42 бала келеді. Қайырымдылық пен ізгілік, мұқтаж адамдарды қолдау ниеттеріңіз үшін көп рақмет. Көз дәрігерінің бөлмесіне берілген жабдықтың біздің балаларға пайдасы зор», – деді Алматы қ. көзі нашар көретін және сөз сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 124 бөбектер бақшасының меңгерушісі Айнұр Қарақұлова.
«Сенсорлық бөлме екі ай бойы жұмыс істеп жатыр. Осы кезеңде оған 95 бала келді. Біз нақты нәтижені көріп отырмыз. Балаларға бұл бөлме ұнайды. Олар сол бөлмеге келуге ұмтылады. Бірақ біз бұл бөлмеде тек аса белсенді балалармен ғана жұмыс істейміз», – деп хабарлады Астана қ. ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы оңалту мектеп-интернатының психологы Арай Шахатова.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1185-news-kz#sigFreeIdc4f46345b5