Біздің қордың достар Клубы біздің қамқорымыздағыларға көмек көрсетулерін жалғастыруда. Ескі жаңа жыл интеллектуалды дамулары бұзылған балаларға арналған № 7 арнайы (түзету) мектеп – интернатының түлектеріне көмек көрсетуге кезекті себеп болып табылды. «АЯЛА» қайырымдылық қорының достар Клубы осы жолы шараға қатысуға, 111 гимназияның қарапайым оқушыларынан құрылған труппасы бар, «Мельпомена» мектеп театірін шақырды. Спектакльдың қатысушылары «Жасартатын алмалар» ертегінің көрінісін орындады. Қордың достар Клубының бұл акциясы біздің қордың стратегиялық мақсатын – «ерекше» мүмкіндіктері бар адамдар мен қалалық социум балаларының арасында толерантты қатынас орнатуды атқару жөніндегі кезекті жол қадамы болып табылды.
Біз қайырымдылық іске қатысқандары үшін, «Мельпомена» балалар театрының қатысушыларына, №111 гимназиясының ТЖ жөніндегі директордың орынбасары И.Э. Жуковаға және театрдың жетекшілері Г.О. Шитова мен О.В. Сосновскаяға шын жүректен алғысымызды айтамыз. Бұндай жұмыстар басқаларға да көрнекті үлгі болып табылар.
Мереке көрінісінің аяғында №7 интернаттың түлектері жеміс пен ойыншықтар сияқты сыйлықтар алды. Өмірді сақтандыру жөніндегі KazKomLife компаниясының қызметкерлері «АЯЛА» қорының жобасына бірнеше рет қатысқан болатын. Біз Клубтың барлық мүшелеріне, ал осы жолы, нақты, KazKomLife компаниясының қызметкерлеріне қордың жобасына қатысқаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Осы жағдайдан бізге, «АЯЛА» қорының Қазақстан Республикасындағы қайырымдылықтың дәстүрі мен мәдениетін қөру жөніндегі миссиясы өзінің анық және елеулі іске асырылғаны көрінді. Достар Клубының осы бастауына біраздан кейін тағы және тағы қатысушылар саны көбейіп қосыла берер, деп үміттенеміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1240-news-kz#sigFreeId1b7b83929b