Бүгін Palladium мейрамхана кешенінде біздің қаланың балалық білім және медициналық мекемелеріне жіберілген жабдықтардың сертификаттарын беру салтанатты және соған қатар әсерлі рәсімі өтті.
Қазақстанда 20 жылдай істеп келе жатқан «Шеврон» компаниясы жылда бір үлкен әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық жоба өткізіп жүр. Осы жылы өз қайырымдылық акциясының шектеуінде біздің қормен бірігіп «Шеврон» компаниясы мүгедек балаларға арналған қалалық балалық сауықтыру орталығына бейне қадағалау жұйесін сатып алып орнатты, соған қоса, орталыққа киім ілгіштер, тараздар, бой өлшеу сыйлыққа берілді. Қалалық Үміт Үйі, мекеменің түлектері үйлік шаруасын жүргізудің өте қажет дағдысын меңгеруге арналған қажетті тұрмыстық техникасымен жабдықталды. Бір жылдан кем бар балалық «Мен сенің қасыңдамын» хосписі компаниядан сыйлыққа кондиционерлер, кварц сәулесілерін, тумбочкалар, маса торларын алды. Психикалық дамуында кешеуілдері бар, мүгедек балалар және ата-аналарының қамқорларысыз қалған балаларға арналған арнайы (түзету) №8 мектеп-интернатына пластикалық терезелер қойылды. Қайырымдылық акция шектеуінде берілген көмекті алушылар арасында тағы есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп-интернаты, мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған №3 «Жанұя» арнайы түзету мектеп-интернаты, сөйлеулері қатты бұзылған балаларға арналған №9 арнайы түзету мектеп-интернаты, №2 балалар үйі, №1 балалар үйі, №1 перзент үйі, №2 перзент үйі, және «Тансари» балалық мюзик-шоу театры болды.
«Шеврон» компаниясының қоғаммен байланысу жөніндегі маман Жанар Қошпанова өз сәлем сөзінде: «Бұл үлкен жобаны іске асыру мақсатымен біз биыл «АЯЛА» қайырымдылық қорын таңдап алдық, себебі, біріншіден, біз бұрын онымен бірнеше рет жұмыс істедік, ал екіншіден, «АЯЛА» өзінің 5 жыл жұмыс арасында қаржы қарым-қатынаста өзін толық ашық ұйым етіп танытты да, өзінің тиімділігі мен құзіреттілігін дәлелдеді. Әсіресе, Динара Мұратова мен Қуаныш Чумбаловтың жұмысын ерекше атағымыз келеді».
Жәрдем алған интернаттардың, балалар үйлерінің директорлары, перзент үйлерінің, сауықтыру орталығының, санаторийлердің бас дәрігерлері рәсімнің ұйымдастырушыларын барлық шараларында болған жылы достық ахуалы үшін алғыстарын айтты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1273-news-kz#sigFreeId3d22faaaea