Бүгін Алматы қаласының № 6 мектеп-интернатында балалар ойын алаңын ашу және компьютерлерді және білім беру мультимедиялық жиынтықтарын берудің салтанатты рәсімі өтті. №6 және № 7 арнайы (оңалту) мектеп-интернаттарында ақыл-ойы кем балалар тәрбиеленеді. Балалар орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) ауруларына және микроцефалиядан бастап Даун синдромына дейінгі даму ақауларына ұшыраған. Eduplay мультимедиялық білім беру кешені ақыл-ойы кем балалар үшін бейімделген. Бұл баланың талдау, қисынды және жасампаз дағдыларын дамыту үшін әзірленген компьютерлендірілген білім беру жүйесі, ол жады мен интуицияны, сондай-ақ ассоциативтік және сыни ойлауды тиімді дамытады.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры 2010 жылы № 7 интернаттың аумағында балалар алаңын орнатты және осыдан кейін тәрбиешілер балалардың ойындарға және таза ауада серуендеуге деген қызығушылығының артқанын атап өтті. Ал дене жаттығулары орталық және перифериялық жүйке жүйелерінде көптеген жаңа талшықаралық байланыстардың пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар ақыл-ойы кем балаларда кейіннен әлеуметтік бейімделуге көмектесетін жаңа дағдылардың дамуына ықпал етеді. 2011 жылы «Шеврон» компаниясы № 6 интернаттың аумағында ойын алаңын орнату және № 6 және № 7 интернаттарға Eduplay екі жиынтығын сатып алу үшін қаражат бөлді. Бұдан басқа «Шеврон» компаниясының қаражатына № 7 арнайы (оңалту) мектеп-интернатының картонаждық шеберханасына 2 компьютер орнатылды. Бұл жобаға «Шеврон» компаниясы барлығы 3 674 550 теңге бөлді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1297-news-kz#sigFreeId7e73327f57