Алматы қаласында «Аяз Атаға хат» атты жыл сайынғы жаңажылдық жоба басталды. Бұл жобаның шеңберінде «АЯЛА» қайырымдылық қоры түрлі кеңселерде бірнеше мерекелік шырша орнатады, олар балалардың хаттары жазылған конверттермен безендіріледі. Бұл хаттарда балалар Аяз Атадан алғысы келетін сыйлықтары туралы жазады. Кез келген ниет білдірген адам бұл хаттарды оқып, содан кейін сыйлықты сатып алып не боксқа оны сатып алуға қажетті соманы салады. Ертеңгілік кездесуге барлық сыйлықтар сатып алынып, Шырша болатын күні балалар Аяз Ата мен Ақшақардың қолынан сыйлықтар алады.
Биыл Алматы қаласындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 және № 7 мектеп-интернаттарының, сондай-ақ Н. Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған № 4 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мейірімді сиқыршыға хаттар жазатыны белгілі болды. Төртінші интернаттың балалары өздерінің алғашқы тілектерін өткен жұмада жазды. Негізінен балалар ұялы телефондар, коньки, планшеттер, суретші жиынтығын, шана және т.б. алғысы келеді. Мекеме директоры Рахмет Нұрахметовтің айтуынша, мұндай акцияға оның балалары алғаш рет қатысып отыр. Олар – 1- 8 сынып оқушылары, барлығы 156 бала. Әрбір бала жоба туралы жаңалықты үлкен шабытпен қабылдады. Алғашқы хаттар Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының кеңсесіне жіберіледі. Шыршалар 2015 жылғы 7 желтоқсанда орнатылады. Ал балаларға арналған мерекелік іс-шара және сыйлықтар тапсыру желтоқсанның аяғына жоспарланып отыр.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1391-news-kz#sigFreeId72f65f421f