«Аяз Атаға хат» жобасының шеңберінде Жаңа жылдық шыршалар орнатылды! «АЯЛА» қайырымдылық қоры дәстүрлі, баршаға сүйікті акцияны бастады. Жасыл ару шыршалардың интернаттардың балалары жазған конверттермен безендірілгенін еске түсірейік. Мерекелік хаттарында балалар мейірімді сиқыршыға өтініш жасайды. Олардың әрқайсысы өзінің сыйлығы туралы армандайды. Ал кез келген ересек адам бұл арманын орындай алады! Ол үшін баланың конвертіне ақша салу керек. Одан кейін конверт боксқа салынады. Жиналған қаражатқа сыйлықтар сатып алынады.
25 желтоқсанда Жаңа жылдық мереке өтеді, онда әрбір қайырымдылық жасаушы адам сыйлықты өз қолымен тапсыра алады. Алматы және Астана қалаларының арнайы (оңалту) мектеп-интернаттарының 411 тәрбиеленушісі Аяз Атаға хаттарын жазып қойды: № 1 құлағы нашар еститін балаларға арналған; № 4 зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған; № 6 және № 7 ақыл-ойы кем балаларға арналған; сондай-ақ Ақмола облыстық Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері. Безендірілген шыршалар «Шеврон», «Орифлэйм», Samsung, Saks Fifth Avenue» компанияларының және Қазақстан Халық банкінің кеңселерінде тұр. Сондай-ақ жобаға Астана қаласында Viled компаниясы қолдау көрсетті.
Ашық алаңдар Esentai mall сауда орталығында Saks Fifth Avenue аумағында және Қазақстан Халық банкінің бас кеңсесінде болады.
Балаға қуаныш сыйлап, осы Жаңа жылда сиқыршы болыңыздар!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1393-news-kz#sigFreeIda2ddf3a228