10-12-2015 Сенсорлық бөлме – онлайн режиміндегі сыйлық!

Бүгін алғаш рет онлайн форматында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Ақмола облысының...

Бүгін алғаш рет онлайн форматында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Ақмола облысының «Есіл қ. Психологиялық-педагогикалық оңалту бөлмесінде» сенсорлық бөлмені салтанатты түрде ашты. Skype бағдарламасының көмегімен біз осы бөлмеге зәру балалармен танысуға мүмкіндік алдық. Балалар өздерінің ризашылығын бүкіл қонақтар алдында билеген биімен танытты. Кездесуге сондай-ақ Есіл қ. әкімі Ғазиз Айтмұхамбетов, депутаттар, меценаттар, мекеме қызметкерлері және ата-аналар қатысты. «АЯЛА» қорымен танысқаннан кейін лентаны салтанатты түрде қию рәсімі өтті. Содан кейін барлығы сыйлықты өз көзімен көрді.

Сенсорлық бөлме дегеніміз – арнайы жабдықталған кеңістік, ол бөлмедегі адам жасына және денсаулық жағдайына қарамастан тыныштықты, жайлылықты және қауіпсіздікті сезінеді. Ағылшын ғалымдары анықтағандай, мұндай бөлмеде қысқа уақыт аралығында адам күйзелістен шығып, жаны тынышталып, оның көңіл-күйі және денсаулығы айтарлықтай жақсарады. «Есіл қ. Психологиялық-педагогикалық оңалту бөлмесіне» сыйлыққа берілген бөлмеге музыкалық орындық-жастық, құрғақ қауыз, «Құс жолы» фиброоптикалық кілемі, моторы бар айна шар және көптеген басқа да жабдық сатып алынды. Жалпы құны – 1 990 200 теңге.

Қаражат «BKS Аir Astana marathon 2015» астаналық қайырымдылық марафонында «Дәрігер-бөлме» жобасының шеңберінде жиналды. Оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, қала әкімі Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Даму банкінің Басқарма төрағасы Болат Жәмішев және тағы басқалары қатысты. Барлығы – 700 жүйрік. Марафон барысында 4 140 398 теңге жиналды. Осыдан бұрын бұл қаражатқа Астанада сенсорлық бөлме ашылғанын еске түсірейік. Қалған ақшаны «АЯЛА» қайырымдылық қоры Есіл қаласындағы сенсорлық бөлмеге жіберді.

Қазіргі уақытта «Есіл қ. Психологиялық-педагогикалық оңалту бөлмесіне» 60-тан астам адам келеді. Мекемеге 0 – 18 жас аралығындағы микроцефалия, Даун синдромы, БСА, БЕА жне т.б. сияқты ауыр диагнозы бар балалар келіп түседі. Басшылықтың айтуынша, бөлме қажетті жабдықпен жабдықталған, бірақ материалдық базасы әлі де әлсіз. Сенсорлық бөлме қажетті жабдықтардың тізімінде еді және Жаңа жылға керемет сыйлық болды!

 Барлық фотосүреттерді жүктеп