Жаңа жыл қарсаңында жүзден астам бала «Арман» киноорталығында жиналды. Олардың әрқайсысы өз тілегін айтты. Ал ондаған қарапайым қазақстандық олардың тілектерін орындады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 және № 7 арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық жасаушылар «Аяз Атаға хат» акциясының шеңберінде сыйлықтар тапсырды: түрлі түсті машинкалар және қуыршақтар, балалар косметикасы және жас суретшілер жиынтығы, ұялы телефондар және кітаптар. Бұл балалар алған сыйлықтардың бір бөлігі ғана. Бұл күні аниматорлар оларға қызықты ойындар ұйымдастырды. Бір ойын екіншісінен қызықты болды: сиқырлы фокустар, сабынды көпіршіктер шоуы, көңілді Аяз ата мен Ақшақар, және әрине, шыршаны айналу. Барлығы үшін екі сағат жылдам өтіп кетті. Балалар Жаңа жылдық костюмді таңдаған кезде барын салды. Мұнда Буратино да, Ханшайым-Бақа да, Наполеон да, Корольдар мен Ханшайымдар да болды. Әрбір бала бұл іс-шараға ерекше көңіл бөлді.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының балалар жазған хаттармен түрлі кеңселерде және сауда орталықтарында орнатылған шыршаларды безендіргенін еске түсірейік. Кез келген адам конвертті таңдап, хатты оқып, балаға сыйлық алу үшін оған ақша сала алды. Одан кейін конверт боксқа салынды. Биыл біздің шыршалар «Шеврон», «Орифлэйм», Samsung Electronics Central Eurasia компанияларының кеңселерінде, сондай-ақ қоғамдық орындарда: Saks Fifth Avenue (Esentai mall СО) және Қазақстан Халық банкінің бас кеңсесінде орнатылды. Жобаның Астана қаласындағы демеушілері мен әріптестері «Viled Астана»,AB Restaurants компаниялары және «Керуен» ОСО болды. Барлығы 2016 жылы қордың акциясына Алматы мен Астананың арнайы (оңалту) мектеп-интернатының 478 тәрбиеленушісі қатысты. Өткен жылмен салыстырғанда бұл сан айтарлықтай өсті. «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Аяз Атаға хат» жобасын қатарынан төрт жыл іске асырып жатқанын атап өткен жөн. Өткен үш жылда мейірімді сиқыршының сыйлығын Алматы мен Астананың интернаттары мен балалар үйлерінің 588 тәрбиеленушісі алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1400-news-kz#sigFreeIda15f94cb6a