Алматыдағы Н. Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы (оңалту) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері алғашқылардың қатарында «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Аяз Атаға хат» жобасына қатысты. Акция желтоқсанның басында басталды. Өздерінің мейірімді сиқыршыға арналған хаттарын балалар Брайль қарпімен жазды, ал олардың ұстаздары аудармашы болды. Негізінен балалар ұялы телефондар және әрине, стандартты жиынтық – қуыршақтар мен машинкалар сұрады.
Балалардың тілектері жазылған хаттармен безендірілген шырша Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының кеңсесінде орнатылды. Ұйымның кез келген қызметкері сыйлық немесе конвертке салынған ақша түрінде баланың тілегіне жауап бере алды. Бір ай бойы 157 түрлі түсті ашық хат жасыл ару шыршаны безендіріп тұрды. Жаңа жылға үш күн қалғанда балалардың армандары орындалды! Компания қызметкерлері әрбір тәрбиеленушіге сыйлықтарды жеке тапсырды. Сыйлықтарды тапсыру алдында Мұрат Мутургановтың қатысуымен мерекелік шоу өтті, оның шеңберінде акробаттар, жонглерлер және фокус жасаушылар өнерін көрсетті. Балалар, яғни бірінші – сегізінші сынып оқушылары іс-шарадан көтеріңкі көңіл-күймен, сыйлықтар алып, мәз-мейрам болып қайтты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1402-news-kz#sigFreeIdba86375652