Алматы қаласындағы девианттық іс-әрекеті бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымының 20 баласы бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қорының қызметкерлерінен жаңажылдық сыйлықтар алды. Балаларға конструкторлар, телескоп, ойыншық ұшу аппараттары, фокус жасаушы жиынтықтары және басқа да көптеген сыйлықтар берілді. Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы балаларға тәтті торттар мен басқа да тәтті тағамдар берді. Мекеме тәрбиеленушілері бізді өте қонақжай көңіл-күймен қарсы алды. Олар мерекелік шай ішу іс-шарасын ұйымдастырды.
Мекемеде 11 – 18 жас аралығындағы балалар тәрбиеленіп жатқанын атап өткен жөн. Бұл мекемеде болу мерзімі – бір айдан бір жылға дейін. Девианттық іс-әрекеті бар балалар – мектепке бармайтын, ата-анасын тыңдамайтын, мұғалімдердің беделін мойындамайтын, үйінен кетіп қалып, қоғамға қарсы іс-әрекет ететін – балағаттап сөйлеп, қоғамдық орындарда темекі тартатын балалар. Егер кәмелетке толмаған бала тәубеге келіп, өзінің іс-қимылы арқылы түзелгенін көрсетсе, мекеме әкімшілігі материалды комиссия мен сотқа жібереді. Сол кезде балада мекемеден мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігі пайда болады. Бұл мекемедегі оқыту мектептегі сияқты. Тек сыныпта бірнеше адам ғана болады. Осыған дейін «АЯЛА» қайырымдылық қоры девианттық іс-әрекеті бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына тігін шеберханасы, сондай-ақ шаштараз өнері бөлмесі, визаж бен маникюр жасау үшін жабдық тапсырған болатын.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1403-news-kz#sigFreeIdbe3deb50c1