31-10-2012 Островский атындағы №4 мектеп-интернатына 80 жыл

Бүгін Островский атындағы соқыр және шала көретін балаларға арналған мектеп-интернатының...

Бүгін Островский атындағы соқыр және шала көретін балаларға арналған мектеп-интернатының акт залында осы мекеменің пайда болған кезінен бергі 80-жылдығына арналған салтанатты рәсімі өтті. 80 жыл бойы мектепте көрмейтін және шала көретін балалар білім алған, оның кейбіреуінің көбі кейін жоғары оқу орындарын табысты бітіріп, және әр түрлі салаларда жұмыс істеді де, жұмыс істеп те жүр. 

Мерекеге ең алуан түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты: білім басқармасының, Ұлттық педагогикалық университетінің, «Нұр Отан» партиясының, «Ұстаз» кәсіподағының, қоғамдық пен қайырымдылық қорлардың. Осы барлық ұйымдар түлектерге, оқытушылар мен интернаттың барлығына жәрдемді бұрын да жасаған және қазір де үнемі көрсетіп жүр. Қонақтар мерей тойына сыйлықтарымен келді, біздің қор да қалысқан жоқ. Мектеп-интернат түлектеріне, әсіресе, көрмейтіндері үшін, біз арнайы жабдықтардың көп санын жібердік. Сыйлықтар ішінде соқырлар үшін арнайы ыңғайландырған шахматтар, шашкалар, және басқа үстел ойындары. Одан басқа, біз интернатқа, спортпен шұғылдануға арналған, көрмейтін ойыншылар үшін дыбыс беретін 1 футбол, 3 волейбол доптарын сыйладық. Бұл сыйлықтарға, әсіресе, әбден көрмейтін балалармен айналысатын мұғалімдер ерекше қуанды. Біздің қор осы қажетті сыйлықтарды ұсынумен 20 қарашада атанатын Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді бастады.

«АЯЛА» қор достарының Клуб президенті Флюра Мұхтаровна Батырова ерекше жылы қарсы алынды. Естеріңізге сала кетейік, нақ достар Клубы былтыр интернат территориясына жайлы және замануи балалық ойын ауласын салып берген болатын. Флюра Мұхтаровна да бос қол келген жоқ. «Мамамия» мен «Ciao pizza» мейрамхана желістерінен мерей күні 100 өте дәмді ыстық пицца әкелінді. Мерей күні интернат қызметкерлерінің көбі құрмет мадақтамалармен марапатталды. Демеушілер мен серіктестер Островский атындағы мектепке ұйымдастыру техникасын, музыка аппаратурасын, және декоративтік өнер заттарын сыйлады. Қонақтарға арнайы, интернат түлектері үлкен салтанатты концерт дайындап қойыпты. Балаларды құттықтауға, өз көрсетулерін барлық қонақтарға, мектеп-интернаттының балалары мен қызметкерлеріне арнап дайындаған қазақстандық эстрадасының жұлдыздары да келіпті.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп