Біздің қор Дүниежүзілік балалар күнін тойлауға насихаттауды жалғастыруда. Үш жыл қатарымен қарашада біз қайырымшылардың көздеріне дәстүр бойынша сирек түсетін балалар үшін неше түрлі шаралар өткізіп келеміз. 2012 жыл Алматы қаласында мәдениет жылы деп аталды, сондықтан биыл біз өзіміздің мерекелеріміздің көбін осы фактпен байланыстырайық, деп шештік. Бүгін біз психикалық дамуларындағы кешеуілдері бар балалар, жетім балалар, ата-аналарының қамқорынан айырылған балаларға арналған №8 арнайы (түзету)мектеп-интернатының төрт және алтыншы сынып түлектері үшін мереке ұйымдастырдық. Олар үшін жас көрермендерге арналған Н. Сац атындағы театрға «Бременские музыканты» спектакліне саяхат өткізілді. Спектакль балалар мен тәрбиешілердің назарын толық бүтіндей тартып әкетті. Сахнаға Принцесса мен Трубадурдың шығуы көрермендермен ерекше қуанышпен қарсы алынды. Спектакльдің аяғында көрермендер актерлерді, қолдарын тұра шапалақтап, көпке дейін жібермей қойды.
Біз өзіміздің қамқорымыздағыларды тамақ пен сыйлықтарсыз қалдыра алмадық. Әр бала гамбургер меню алды, ол ең пайдалы тамақ болмасада, интернаттың түлектері балалардың сондай жақсы көретін картоп фри мен гамбургерлерді жеуге мүмкіндіктері өте сирек болады. Мерекенің әр қатысушысына қор балалық фильмдері бар DVD-диск сыйлады. Тәрбиешілер мен балалар әлеуметтік жобалар кураторы Ксения Манджгаладзені осы мерекені нақты ұйымдастырғаны үшін жылы алғыстарын айтты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1451-news-kz#sigFreeId5a88934fa6