Дүниежүзілік балалар күнін Бегалин атындағы күтапханада өткізу ерекше бір мерекелеудің түрі болды. Бұл мерекенің қатысушылары отбасылары аз қамтылған балаларға арналған №10 мектеп-интернатының 30 3-4 сынып оқушылары болды. Кітапхана қызметкерлері біздің қамқорымыздағыларды қарсы алуға креативті және әбден дайындалыпты. Алдымен, кітапхананың залдары мен кабинеттерінің ішінде экскурсия жүргізілді. Осы экскурсияның барысында балалар кітапты пайдалануды үйренді, ал ең бастысы, оларға қалай кітаптарға ұқыпты күтіп қарау қеректігін көрсетті. Кітапхана қызметкерлері өз саласындағы барлық замануи жетістіктерді - 3D кітаптарды, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін көрсетті, балаларды білімнің электронды алып жүрушілерімен таныстырды.
Конференц-залында балалар үшін ойындар, би, викториналар дайындалып қойылыпты. Және бұл викториналарға нағыз Мыстан кемпірдің өзі қатысты. Балалардың қуаныштарында шек болмады, көбінің алыс кетпей жатып кітапханаға жазылып қойғылары келді. Экскурсия біткеннен кейін де балалардың кітапханадан кеткілері келмей қалды, залдың біруіне кіріп отырып алды да, кітаптар оқи бастады. Осындай кітапханаға ерекшілікпен кіру балаларда кітаптарға сүйіспеншілік тудырып, кітаптарды күтуде ұқыптық пайда етті, ден сенеміз.
Қалыптасып қалған дәстүр бойынша, мерекенің аяғында балалар өздерінің жақсы көретін гамбургер-менюлерін алды, ал бұл күні сыйлық ретінде, әрине, кітаптар болды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1454-news-kz#sigFreeId471620e00a