Бүгін біз шыршаны Saks Fifth Avenue-ге орнатып қоыдық. Бұл шыршаны интеллектуалды дамуларында ахаулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан, Аяз Атаға сұрап жазған балалардың 20 конверті әшекейледі. Естеріңізге сала кетейік, сауда-сауық орталығының кез келген келушісі конвертті ала алады, баланың хатын оқып, кейін былай жасай алады: немесе конвертке сыйлықты сатып алуға қажет барлық соманы салады (бұл сома желімделген маркасында көрсетілген), немесе бокске қайыр жасай алады, ал конвертті шыршаға қайта іліп қою керек, егер қазір сыйлықтың бағасын толық төлеуге мүмкіндіктері жетіспей тұрса. Esentai mall-дың келіп-кетушілері мен қызметкерлері балалардың армандарына тез жетуге амал жасайды, деп сенеміз. Бұл ерекше балалар екенін ұмытпаңыздар, және, сонымен қоса, олардың көбі толық емес, немесе аз қамтылған отбасынан екенін.
«Арман» кинотеатрында өтетін мерекелік ертеңгілік 27 желтоқсанға жоспарланып қойылған. Әр қалаушы нақ өз қолымен хат жазған балаға сыйлығын ұсына алады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1462-news-kz#sigFreeId9128434e32