Бір айдан шамалап кем бұрын «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Аяз Атаға хат» жобасын іске асыра бастады. Арнайы (түзету) №1, №7 және №8 мектеп-интернатының 52 тәрбиеленушілері Аяз Атаға хаттарын жазған. Осы хаттар конверттері Қазақстан Халық банкі мен Saks Fifth Avenue компаниясының бас кеңселерінде орнатылған жаңа жылдық шыршалардың «әшекейлері» болды. Бұл мекемелерінің қызметкерлері мен келіп-кетушілері балалардың хаттарын оқып, конверттерге сыйлықтарды алу үшін керек сомаларды салып жатты, кейбіреулері сыйлықты өздері алып бермек болып шешті. Бокстарда 323 663 теңге жиналды.
Енді, міне, бүгін ашық аязды таңда біз барлық хаттарын жазған балаларды «Арман» кинотеатрдың қабырғасында жинап алдық. Мереке үш бөлімнен тұрды – алдыменен, балалар мен олардың мұғалімдері солтүстіктік бұғынының баласы туралы қызық мультфильм «Нико-2»-ны тамашалады. Аяғында балалар да, педагогтар да мультфильмнен қатты мәз-майрам болды.
Содан кейін, әдемі әшекейленген шыршаның маңайында, пират, клоун, Қаршақыз, және, әрине, Аяз Атаның қатысуларымен кішкене көрініс өтті. Балалар жарыстарға қатысып, тақпақтар айтты, ол үшін кішкентай сыйлықтар алды. Бұл бөлімнен кейін, балалардың Аяз Атадан сұраған сыйлықтарды ұсыну рәсімі болды. Сыйлықтардың жартысы мерекеге келе алып, балалардың бақытты қуаныштарын көре алған Қазақстан Халық банк қызметкерлерінің өздерімен сыйланды. Сыйлыққа балалар ойыншықтар, спорт бұйымдарын, өнерге керек жиындықтар, ұялы телефондар, энциклопедиялар және тебуге көп шаналар алды. Балалардың кейбіреулері сыйлыққа құлақшындар, бөкебайлар мен қолғаптар сұраған, осыған және сұраған шаналарға қарағанда, біздің интернаттардың қамқорлықтағылары өте жақсы синоптиктер болу керек, қыс қарлы және аязды болып басталды.
«Арман» кинотеатры әкімшілігі мен «Рахымжан» компаниясына бөлек алғысымызды айтқымыз келіп отыр, себебі, фильм көрсету, балаларға берілген тамақтар мен өз ғимараттарын беру төлем ақысыз және шын жүректен болды. Кинотеатр серіктестері «Something Else», «Mint design», «Vanilla catering» компаниялар жаңа жылдық ресімдеуін қамтамасыз етті, балалар мен тәрбиешілер үшін дастархан жапты да, тәтті сыйлықтар сыйлады. Одан басқа, әр бала жолға гамбургер-меню алды. Мерекелік шараның бас демеушісі Pony Express компаниясы болып шықты. Бұл компанияның қайырымдылық ұйымдармен ынтымақтастасуының алғашқы тәжірибесі, бірақ Pony Express өкілдері мейірімді істі әрі қарай жалғастыруға толық бар. Ертеңгіліктің ұйымдастырушылары үшін ең үлкен қуаныш, мол, тиімді және күткен сыйлықтарын алған балалардың бақытты қуаныштары болды.
Астана мен Алматыдағы «Аяз Атаға хат» жобасын қорытындай отыра, бокстарда барынша 630 213 теңге жиналды, деп хабарлағымыз келіп отыр, ал сыйлықтардың бақтары жанған иелері 102 бала болды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1468-news-kz#sigFreeIdd1cef81966