«АЯЛА» қайырымдылық қорының Достар клубы жаңа жыл қарсаңындағы дәстүрлі әбгерден тыс қалған жоқ. Бұл күндері барлығы балаларға сыйлықтар сыйлайды. Ciao pizza және «Мамамия» мейрамханалар желістері тәтті сыйлықтар сатып алып біздің қорға меценаттар мен демеушілер назарларының объектілері өте сирек болатын балаларды тауып беруді сұрап келді. Ал, біз сондай балаларды тауып бердік. Үйлерінде білім алып жатқан мүгедек балаларға арналған Бостандық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 87 сыйлық тапсырылды. Бостандық ауданының әлеуметтік қызметкерлері бұл балалар үшін Аяз Ата және Ақша қар ретінде болып сыйлықтарды әр баланың қолына апарып берді.
Бұл күні, солай-ақ, сыйлықтарды жүйке жүйелерінде аурулары бар балаларға арналған №2 балалық санатория пациенттері мен сөйлеулерінде қатты бұзылулары бар балаларға арналған №9 интернаттың тәрбиеленушілері алды. Одан басқа, тағыда, сыйлықтарды психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қамқорындағылар алды. Бұл кабинетте сөйлеулерінде, көрулерінде, ой-саналарында және психикалық дамуларында бұзылулары бар балаларға көмек көрсетеді. Бұл балалар неше түрлі себеп күшімен арнайы білім ұйымдарында түзету көмектерін ала алмайды, сондықтан, қайырымшылардың көздеріне ілінбей қалады. Мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған сауықтыру орталығының меңгерушісі біздің демеушілерге орталықтан көмек алып жатқан балаларға жаңажылдық сыйлықтар туралы өтінішке тез арада үн қосқандары үшін жылы алғысын айтты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1524-news-kz#sigFreeId74807d9302