Бүгін дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатында балалық әлеуметтік мекемелерінің өкілдеріне Samsung Electronics компаниясынан жаңа тұрмыстық техникасына сертификаттар тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Алматы қаласының түзету балабақшалары, интернаттары, балалық үйлері, санаториялары, перзентханалары тоңазытқыштарды сыйлыққа алды. Samsung компаниясымен 12 балалық медициналық және білім мекемелеріне барлығы 15 жаңа тоңазытқыш тапсырылды.
Балалық санаторияларға, бақшаларға және интернаттарға жабдықтарды тапсыру «АЯЛА+SAMSUNG» жобасының шектеуінде өтіледі. «АЯЛА» қайырымдылық қоры өз қамқорындағылардың тұрмыстық электронды техникасына қажеттенетіндерін үнемі зерттеп отырады. Қорда барлық осы мәліметтер жиналған бөлек кесте жасалып отырады. Samsung компаниясы техникасын жіберуге болған кезде қор осы техникаға шынай қажеттенетін мекемені тез арада тауып береді.
Дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №7 интернаттың директоры Күмісзан Асанбаевна ТОҚСАНБАЕВА былай деді: «АЯЛА» қоры біздің интернатқа көп жылдардан бері көмек көрсетіп келеді. Солардың көмектерінің арқасында интернат көп санды сыйлықтар алды – ойын алаңы, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу бөлмесі пайда болды, қор бізге көптеген санда жиһаздар, дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балалар үшін жабдықтар жіберді. Біздің ас бөлмемізге көмек көрсетілді, біздің интернаттағы ас әзірлейтін бөлменің қызметкерлерінде өте үлкен жауапкершіліктік жатыр емес пе. Балаларға дайындалған тамақ үнемі жаңадан әзірленеді, дәмді және пайдалы болу керек. Samsung Electronics компаниясы бізге жіберген тоңазытқыш осы істе жақсы бір демеу болды. Біздің барлық тәрбиеленушілеріміздің және педагогтарымыздың атынан Samsung Electronics Central Eurasia қызметкерлеріне денсаулық, табыс және қуаныш тілейміз».
«Біз, міне, Samsung Electronics компаниясымен екі жылдан бері ынтымақтастасып келе жатырмыз, солай, бірнеше рет интернаттарға, балалық ауруханаларына, санаторияларға қайтып келе, біз осы мекемелердің пациенттеріне тәрбиеленушілеріне тұрмыстық техниканың қандай пайда беріп жатқанын көріп отырмыз. Менің ойымша, біз Samsung компаниясымен бірге жабдықтап жүрген әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу бөлмелері ерекше пайдалы. Біздің балалардың игілігіне бірлесіп жасаған еңбектеріміз көп жылдарға созылар, деген үміттеміз.
Көптеген отбасылары, компаниялар тұрмыстық техникасын моралды ескірген сайын, физикалық ескіргеннен емес, жаңартып отыратыны құпия емес. Ал жұмыс істеп тұрған тұрмыстық техникаға балалық білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қажеттенулері мүмкін. Кез келген біздің қорға келе алады, біз кеңес береміз, жөнделген техниканы қайда өткізуге болатынын айтамыз», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ.
№7 интернаттың тәрбиеленушілері мерекенің қонақтары үшін бірнеше би және вокалды нөмірлер дайындапты. Екі өлеңді жақын арада Минскіде өткен мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған фестивалінің гран приіне ие болған Островский атындағы арнайы (түзету) №4 мектеп-интернатының көзі көрмейтін тәрбиешісі айтып берді. Ал, бір ай бұрын Мәскеуде соқыр және шала көретін әртістер фестивалін қолдаған Диана Гурцкой, Анита Цоймен және басқа атақтары шыққандармен бірге бір сахнаға шыққан екен.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1537-news-kz#sigFreeId938e01e1c6