Бүгін балалар алаңдарын салтанатты түрде ашудың екі рәсімі өтті. Алаңдар тұрмысы төмен отбасыларға арналған Алматы облыстық № 15 мектеп-интернаттың аумағында, сондай-ақ Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның балалар кардиохирургиялық бөлімшесінің аумағында салынды. Әдемі, сенімді және балалар ойындары үшін тартымды алаңдар екі мақсатқа сай келеді – №15 интернатында балалардың таза ауада серуендеп, ойын ойнауы қызықты болады, ал ҰҒХО-да жүрекке жасалған операциялардан кейін олардың сауығуына көмектеседі. Ойын нысанындағы сауықтыру міндетті емес және сол арқылы барынша тиімді.
«Балалық шағымның ауласы» жобасын іске асырудың кезекті қадамы «Мамамия» және Ciao pizza мейрамханалар желісінің арқасында мүмкін болды, оларда біздің қорымыздың жобаларын іске асыру үшін қаражатты жинау бойынша бокстар орнатылған. Алаңдарды беру Дүниежүзілік бала күнін мерекелеу шеңберінде өтті. Біз түрлі бағыттағы және өлшемдегі іс-шараларды бұл күнді танымал ету үшін өткіземіз, сол арқылы игілікті істер тек Жаңа жыл және Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ғана жасалмайтынына баршаның назарын аудартамыз.
№15 интернаттың тәрбиеленушілері бірнеше музыкалық нөмір дайындап, өздерінің алғысын білдірді. Балалар мен ұстаздар «АЯЛА» қайырымдылық қорын бұрыннан біледі. Біз бұл интернатқа спорттық жабдықты бердік, ал 30 үздік және жақсы оқитын оқушылар «Игі істерді жасайық (4D)» жобасының қатысушылары болды. Біз балаларға арнап «Табаған» спорт кешенінде көңілді әрі тартымды мереке ұйымдастырдық. Skiff company Ltd. компаниясы ұсынатын жеңілдікті ескере отырып, алаңдардың құны 4 894 275 теңге болды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1558-news-kz#sigFreeIdeedab1a4a6