Жыл сайын «Аяз Атаға хат» жобасына жаңа мейірімді және құштар адамдар қосылуда.Биыл Аяз Ата мен Ақшақардың киімін «Шеврон» компаниясының қызметкерлері «киіп алды».Біздің қорымыз арқылы құлағы нашар еститін балаларға арналған № 1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған № 10 мектеп-интернатының қамқорлығындағы балалар Аяз Атаға хаттар жазды. Балалардың жаңа жылдық сыйлықтар туралы өтініштеріне компания қызметкерлері барлық балалардың сүйікті ертегі кейіпкерінің атынан өз қолымен жауаптар жазды, сондай-ақ ұлдар мен қыздар сұраған барлық сыйлықтарды сатып алды және өз атынан да кейбір сыйлықтарды қосты. Сыйлықтарды алған кезде балалардың қуанышында шек болмады. Аяз Атаның болуына күмән келтіретін балалар да өздерінің жаңажылдық арманының орындалу дәлдігіне қайран қалды. Балалар «Шеврон» компаниясының қызметкерлерінен осыдан бірнеше апта бұрын хаттарында сұраған сөйлейтін қуыршақтарды, радио арқылы басқарылатын машинкаларды, ұялы телефондарды, дамытатын конструкторларды, балаларға арналған әшекейлер мен косметиканы, шана, коньки және басқа да көптеген заттарды сыйлыққа алды. Барлығы сыйлықтарды Алматы қаласының № 1 және №10 интернаттарының 69 бірінші сынып оқушысы алды.
Біз өзіміздің «Аяз Атаға хат» жобамыздың түрлі атаулармен және түрлі іске асыру нысандарында жыл сайын бүкіл Қазақстан бойынша танымал болып келе жатқанын жіті қадағалап отырмыз. Біз мұның өзі еліміздегі қайырымдылық мәдениетін және дәстүрін тәрбиелеу жөніндегі миссиямыздың табысты екендігі туралы куәландырады деп есептейміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1559-news-kz#sigFreeId4707238dce