Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған Алматы қаласындағы № 10 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері ерекше мерекені – Ізгілікті ерікті түрде таныту күнін атап өтті. Біздің қамқорлығымыздағы балалар бұл күнді белгілі балалар аниматоры Асхат Халимовпен бірлесіп атап өтті. Сайыстары, ойындары мен билері бар көңілді бағдарлама арнайы балалар үшін тегін дайындалды. Іс-шараға 57 бала қатысты. Олар - 4, 5 және 6 сынып оқушылары. Horeca Import компаниясы Active О2 сауда маркасымен бірлесіп ұсынған ауыз сумен шөлін қандырды.
Әрбір адам өзінің ізгілігін ерікті түрде таныта алатын Күннің АҚШ-та пайда болғаны белгілі, алайда бүгінгі күні оның жалпыәлемдік мәні бар. Дәстүрлі түрде 17 ақпанда көптеген қалаларда қайырымдылық іс-шаралары мен марафондар өткізіледі, оларға белгілі актерлер, қоғам және саяси қайраткерлері қатысады. Бұл күні ең бастысы – ізгілік таныту!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1561-news-kz#sigFreeId643a43de35