Бүгін біз тағы да, қайырымдылықтың сұмдық неше түрлі формалары бар екеніне көзіміз жетті, әр адам қажеттенгендерге көмегін тигізу үшін өзі бір тәсілді таба алады екен. Ғ. Мүсіреповтың атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен өспірімдерге арналған театр интеллектуалды дамуларында ахаулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне өнерге қосылуға мүмкіндік тудырды. Біздің қамқорымыздағыларға жаңа жылдық спектакльге төлем ақысыз 30 билет берілді. Әдетінше, арнайы (түзету) мектеп тәрбиеленушілерінің көбі – олар аз қамтылған жанұя мен толық емес жанұя балалары. Кәдімгі өмірде олар балалық спектакль мен мерекелерге сирек қатыса алды, сондықтан ЖКТ-дағы өткен жаңа жылдық спектакль бұл балалар үшін жарық және есте қалатындай оқиға болды. Спектакльден кейін интернатқа келе, жас көрермендер жолдастары мен тәрбиешілерге қоймай пікірлерін айтып жатты.
Біз балалар мен өспірімдерге арналған қазақ театрмен ынтымақтастасуымыз әлі жалғаса түсер, деген үміттеміз, және, жағдайды пайдалана отырып, театрдың барлық ұжымына шығармашылық табыс, жаңа актерлік олжа және қаржылық тұрақтылық тілейміз.