Глобус тек қана шар емес, глобус әлдеқайда үлкен.
Жақсы жаңалықтар біздің «Сау денеде – рухы сау» және «ЕДШМ» жобаларда пайда болды. Бүгін біз сөйлеулерінде қатты бұзылулары бар балаларға арналған №9 мектеп-интернатына, аз қамтылған жанұя, толық емес жанұя мен бейберекет жанұя балаларына арналған №17 интернатқа және әумесерлік мінез-құлықтары бар балаларға арналған интернатқа футбол доптарын жібердік, интернаттардың әр біреуі 10 спорт доптарынан алды. Футбол ойыны – барлық білім мекемелер тәрбиеленушілерінің жақсы көретін ойындарының бірі, себебі футбол әлемде ең көп таралған ойын. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану – интернаттар тәрбиеленушілер тұлғаларын үйлесімді дамытуының ажыратылмайтын бөлігі. Осындай жаттығулар тек дене саулығының деңгейін ғана көтеріп қоймай, және рухани дамуына да ықпал етеді, әсіресе, бұл ықпалдарды қайраттылық, мақсатқа талпынушылық пен батылдық сияқты қабілеттерге жатқызуға болады. Осы қабілеттерді дамыту болашақта тәрбиеленушілерге өмірден өз орындарын табуға мүмкіндік берер, деп сенеміз.
. Футбал доптарынан басқа, №1, №2 перзентханалары мен №7 емхананың емдік дене шынықтыру мәдениеті кабинеттеріне үлкен диаметрлі арнайы доптар және түтіктері бар кішкентай доптар жіберілді. Осы аса ерекше доптардың екі түрі де емдік дене шынықтырудың ауыстырғысыз бұйымдары. ЕДШМ кабинетінің мамандары осындай сыйлықтарға қашанда болса қуанады, себебі, бұл «бұйымдардың» «істен шығатын әдеттері» бар. Барлығы 12 үлкен және 30 кішкентай доптар жіберілді. Бұл сыйлық жеке тұлғадан. Біз спорт және емдік бұйымдарын біз бірінші рет емес көмектесіп жүрген мекемелерге жібердік, сөйтіп, біз «АЯЛА» қорының өз қамқорындағыларға көмек көрсетуінің жүйеліліктігін көрсеткіміз келді.