«АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматы қаласындағы саңырау және құлағы нашар еститін балаларға арналған № 1 оңалту мектеп-интернатына ауыз суға арналған 7 диспенсер берді. Жалпы құны – 79 000 теңге. Сыйлық Халықаралық құлақ пен есту қабілетін қорғау күнін мерекелеу қарсаңында тапсырылды, ол күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрды. Бұл күні түрлі елдердегі медициналық және волонтерлік ұйымдар есту қабілетіне байланысты ықтимал проблемалар туралы халықты хабардар етуге бағытталған іс-шараларды өткізеді.
Қазіргі уақытта № 1 мектеп-интернатта құлағы нашар еститін 148 бала тұрады. Диспенсерлер мекемені сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді, ал ауыз су салауатты өмірдің негізі екені белгілі.