Дәстүр бойынша біздің қор қараша бойы Дүниежүзілік балалар күнін атайды. Кішкентай балалар топтары үшін осы мерекеге арналған неше түрлі шаралар өткіземіз. Алматыда осы жыл қоршаған ортаны сақтау жылы ретінде аталады, сондықтан, біз де балалық мерекелердің көбін осы жылы табиғатқа шығып өткізіп жатырмыз. Бүгін аз қамтылған жанұя балаларына арналған Алматы қаласындағы №10 мектеп-интернатының 28 тәрбиеленушісі тәрбиешілерімен және біздің қордың жоба жөніндегі координаторы Динара Мұратовамен бірге тау шаңғылық курорты Шымбұлаққа жетті. Біз балаларды Медеуге әкелдік, ал, осы жерден Шымбұлаққа дейін апаратын арқан жолымен өте бейнелі әдемі саяхат басталды. Балалар мен тәрбиешілер төменде қалғып бара жатқан біздің таулардың тамашасына таңғала қарап отырды.
Қаланың ішінде жылы, ал, таудың басында қар жатыр. Балалар мен тәрбиешілердің басым көбі Шымбұлақтың басында алғашқы рет болыпты. Барлығы қуана әдемі көріністердің тұсында суретке түсті. Қардың үстінде әбден ойнап алғаннан кейін балалар Assorti мейрамханасына түс тамаққа шақырылды. Неше түрлі пиццадан, фри картобынан, тауық етінен, десерттерден және басқа да тағамдар мен сусындықтардан тұратын түрлі – түрлі түс тамақ балалардың көңілінен шықты. Дастарханға салғандары өте мол болғандықтан тағамның көбін балалар өздерімен интернатқа алып кетті. Қайтар жолға балалар шаршап және тоқ шықты. Автобустың ішінде –ақ балалар сыйлыққа дамыту ойындарын алды: пазлдарды, бас қатырғыштарды, үстелдік хоккейді және басқаларды. Дүниежүзілік балалар күніне қатысқандар, олар 4-5 сынып оқушылары, және тәрбиешілері сапарларына өте риза болып қалды.
Assorti мейрамхана желісі әкімі Топжар Есболович Жамалбековты, және мейрамхана қызметкерлерінің барлығын біздің қордың неше түрлі жобаларында, соған қоса, Дүниежүзілік балалар күнін өткізуде тұрақты көмек көрсететіндері үшін алғысымызды білдіргіміз келіп отыр. Балаларға деген түс тамақ бізге төлем ақысыз ұсынылды. Және тағы, біз шынайы ризашылығымызды Медеу мұз айдынынан және қайта жолдың ақысы төлеусіз болғаны үшін тау шаңғылық курорт Шымбұлақ әкімшілігіне білдіреміз. Сыйлықтар мен көлікке 55 000 теңге жаратылды. Балалық мерекелердің шамалы бюджеттеріне кез келген табысты адамның күші келеді, деп ойлаймыз. Біз барлық бей-жай емес адамдарды «Мейірімді істер жасайық» жобасын қолдауға шақырамыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1822-news-kz#sigFreeIda725e7b833