22-11-2013 №7 интернатта күздік бал

Бүгін бізді дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналаған арнайы...

Бүгін бізді дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналаған арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатына Күздік балға шақырды. Мереке барысында тәрбиеленушілер арасында жарыс өткізілді. 8 әдемі пар өз сыныптарынан шықты. Педагогтар тәрбиеленушілер үшін әр түрлі күрделі конкурстар дайындапты – балалар тақпақтарын оқыды, өздерінің шығармаларының нәтижелерін көрсетті, биледі. Жарыстың маңыздығы аз емес элементі костюмдер конкурсы болды, қыз балалар ханшайым болды, ал, ұл балалар, әрине, шахзадалар болды. Жюри көп ақылдасып болғаннан  кейін барлық параларға бірінші орынды берді, бірақ әр түрлі номинация бойынша. Әдебиеттік таланттар да бағаланды, билер де, костюмдер де, және қыз балалардың қол өнерлері де.

Біздің қор интернатпен бұрыннан бері тығыз ынтымақтасып келе жатыр, сондықтан, біз мерекеге бос қол келе алмадық. Біз «Спец Трнас Экспресс» компаниясымен бірге интернатқа арнайы математикалық «Нумикон» бағдарламасы мен көп санда дамыту ойындарын сыйладық. Бұл сыйлықтарға, әсіресе, педагогтар қуанды, себебі, замануи дамытуға арналған бағдарламалардың саны әрқашан жетпей жатады, ал, түзету мектебінің тәрбиеленушілері үшін жаңа бұйымдар олардың оңай емес білім алу жолдарында үлкен жәрдем алу болып табылады. 277 600 теңге шығарған бұл жобаның демеушісі «Спец Трнас Экспресс» компаниясы болды. Әріптестерінің алдында есеп беру үшін  компанияның өкілі Сабина көп суретке тартуға және телефон видеосына түсіруге тырысты.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп