Өте танымды және тартымды Алматылық обсерваториясында өткен Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу болды. Бұл ғылыми мекеменің қызметкерлері Алматы қаласындағы №17 мектеп-интернатының жоғары сынып оқушыларымен кездесуге әбден дайындалыпты. Бұл интернатта аз қамтылған жанұя балалары тұрып білім алады, сондықтан, «АЯЛА» қайырымдылық қорының көмегісіз өз-өздері болып обсерваторияға барудың мүмкіндігі болмас еді, демек. Ғылыми қызметкерлері тартымды формада обсерваторияның құрылу тарихын айтып берді, телескоптары мен ғаламшарлар және жұлдыздарға қарайтын басқа құралдарын көрсетті. Балалар күн жүйесіндегі біздің көрші ғаламшар – күн отырысымен сондай қатты жарық беретін Шолпан ғаламшарының әдемілігіне бөленіп қалды. Шығармашылық астрономия сабағы ешкімді селқос қалдырмады. Балалардың көп мәліметтермен танысып қалғанынан басқа, кейбіреулері осы пән бойынша өздерінің барынша терең білімдерін көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеудің біреуі де балалар үшін тамақтандырусыз және сыйлықтарсыз өтпейді. Осы жолы бізді Fast Fusion жылдам тағам мейрамханасы тамақтандырды. Жағдайды пайдалана отырып, біздің барлық мейрамхана қызметкерлеріне алғысымызды айтқымыз келіп отыр. Солай-ақ, балалардың жақсы көретін Fast Fusion гамбургер-менюін бізге төлем ақысыз ұсынды. Астрономиялық балалар күніне сыйлықтар түрлі-түсті, замануи және жайлы қысқы құлақшындар, бөкебайлар мен қолғаптар болды. Сыйлықтар мен көлікке бұл күні 66 800 теңге шықты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1846-news-kz#sigFreeIdcdc58ef683