Дүниежүзілік балалар күнін қазіргі таңда қалай өткізуге болатыны туралы бүгін Алматы қаласындағы сөйлеулерінде қатты бұзылулары бар балаларға арналған №9интернатының тәрбиеленушілері білді. Осы интернаттың нөлінші сыныптарының 42 тәрбиеленушісі Happylon Pyramids Park ойын-сауық паркінің қонағы болды. Ойын-сауық кешенінің әкімшілігі балаларға барлық ойын-сауықтарын төлем ақысыз ұсынды. Парк аниматорлары балаларға көптеген тартымды аттракциондар ортасында дұрыс бағыттануға көмектесіп жүрді.
Балалар қуана қызығып неше түрлі конкурстар мен ұту ойындарына қатысты. Біздің қор қайырымдылықтың себептерінің бірі етіп насихаттап жүрген Дүниежүзілік балалар күнін осы жолы да дәстүрлі тамақтанусыз қалдырған жоқ. Жылдам тамақ мейрамханалар желісі Burger King №9 интернатының тәрбиеленушілерін түскі тамаққа қабылдауға шүйіркелесе келісе кетті. Балалар мен педагогтар гамбургер-меню алды. Burger King, нағыз патша бренд сияқты, барлық балаға тәждер сыйлады, ал, балалар өздерін нағыз патшалар мен ханымдар етіп, ханзада мен шахзада етіп сезінді. Соңғы сыйлық әр балаға ұсынған жаңалықтары мен мульт-индустрия классикасы бар DVD болды. №9 интернатының түлектері үшін өткізген мереке бюджеті 43 492 теңгені құрады, бұл қаражатты сыйлықтар сатып алғанға жібердік. Барлық басқасын біздің серіктестер төлем ақысыз, яғни сыйлыққа, ұсынды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1850-news-kz#sigFreeId5d98c2c4d1