07-12-2013 Қайырымдылықтың жас серісі

Біздің қорды халықаралық «Мирас» мектеп оқушыларының бастауы қатты қуантты.

Біздің қорды халықаралық «Мирас» мектеп оқушыларының бастауы қатты қуантты. Қарашаның басында 5С сыныбының оқушылары біздің қордың «Ерекше балаларға – ерекше назар» жобасына қаражат жинауға ықылас білдіріп шықты. Бұл жоба шектеуінде Алматы қаласындағы соқыр және шала көретін балаларға арналған арнайы (түзету) №4 мектеп-интернатын интерактивті тақтамен қамту жоспарланған болатын. Бұндай замануи жабдықтар интернаттың педагогтары мен балаларына білім үдерісін қызықтау етуге көмектеседі.

Біз «Мирас» мектебінің территориясына қаражат жинауға арналған екі бокс орнаттық. Біздің бокстарға соншалықты көңіл аударылып мектептің қыз балалары мен ұл балаларында сондай қызығушылық тудырар, деп ойламап едік. Балалар ынтасымен үлестерін қосып жатты, жоба туралы ақпарат берілген буклеттерді зер салып оқып жатты, әрбірдесін, «АЯЛА» қорының бокстарының  қасында тұрып фотосеттерде өткізіп жатты. Бокстарды орнатқан екі күннен кейін бізге 5В сыныбының ата-аналар комитетінің өкілдері телефон соғып, олардың сыныбы интерактивті тақтаны сатып алуға керек барлық соманы жинап алды деген жаңалықтарымен қуантты, ал ол болса 318 000 теңге

Мираста орнатқан бокстарда апта ішінде 172 880 теңге жиналды. Одан басқа, 7-11 сыныптарының жас балалары  мен қыздары қызық бастауымен шықты. «Рамстор» супермаркетінде, Mega ССО-да 7 желдтоқсанда балалар қайырымдылық мақсатпен қаражат жинау бойынша ерекше шара ұйымдастырыпты. «Мирас» мектебінің оқушылары «Рамстор» супермаркетінің сатып алушыларына пакеттерге сатып алғандарын салуға көмектесіпті. Акцияға қатысқандар өз «клиенттеріне» «АЯЛА»  қайырымдылық қорының «Ерекше балаларға – ерекше назар» жобасы туралы айтыпты. 2 сағат арасында балалар 113 000 теңге жинап үлгеріпті. Бұл қаражатты және бокстарда жиналған қаражатты біз №4 мектеп-интернаты үшін тағы бір интерактивті тақта сатып алуға бағыттауды шештік. Осындай тақта әр сыныпта болу керек, ал, бұл қымбат рахаттылық болғандықтан, интерактивтік тақталар біздің қамқорымыздағы әлеуметтік мекемелерде әзірше сирек кездеседі. 2014 жылдың басында біз халықаралық «Мирас» мектебінің оқушыларымен бірге бұл тақталарды №4 интернаттың балаларына тапсыруды жоспарлап отырмыз. Бұл инновациялық жоба шала көретін балаларға замануи білімінің трендінде болуға көмектеседі.

 «Мирас» мектебінің педагогтары мен оқушыларына «АЯЛА» қайырымдылық қорының жобасына қатысу өте ұнады, олар біздің қормен әрі қарай ынтымақтасу туралы уәде берді. Біздің миссиямыз – Қазақстан Республикасындағы қайырымдылықтың дәстүрі мен мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан, бізге біздің еліміздің осындай жас азаматтарының белсеңді және шынайы үн қосқандары және қордың бір жобасын іске асыруға көмектескендері, өте сүйсіндіреді. 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп