Бүгін бірнеше балалық мекемелерде қатарымен және №2 санаториясында қуаныш күні. «Айнабұлақ» санаториясының басқармасы мен қызметкерлері кезекті рет біздің қорға мектеп-интернаттарына жайлы жағжайлар жасауға көмектесіп жүр. №9, №10, №17 интернаттарына, әумесерлік мінез-қылықтары бар балаларға арналған арнайы білім ұйымына, мамандандырылған «Жанұя» кешеніне және №2 балалық санаториясына көптеген санда теледидарлар, DVD плеерлер, аспалы шамдалар мен шамшырақтар жіберілді. Осы тұрмыстық заттарға қосымша ең неше түрлі түсті, реңктері, фактуралары және қалыңдықтары бар көп жиынтық перделер болды. Одан басқа үш интернатқа дене шынықтырумен және спортпен айналысуға арналған спорттық тренажерлар мен көптеген бұйымдар жіберілді. Барлық балалық мекмелердің әкімшіліктері «АЯЛА» қайырымдылық қорының республикалық жобасының кураторы Артем Радайкинге жылы алғыстарын айтып жатты, себебі, нақ сол осы тартымды жобаны жүргізген болатын.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық балалар, педагогтар, дәрігерлер, медицина қызметкерлерінің атынан «Айнабұлақ» санаториясының барлық қызметкерлеріне спортпен шұғылдану үшін жағдай жасап жүргені үшін, неше түрлі себеп күшімен интернаттар жағдайында білім алып жатқан балалардың тұрмыстарын сәндендіріп жүргені үшін үлкен ризашылығын білдіреді. №2 санатория туралы бөлек айтып кеткіміз келіп отыр, бұнда 3-тен 7-ге дейінгі жастағы неше түрлі неврологиялық патологиялары бар, оның ішінде, БОС, және пациенттердің көбі – аз қамтылған жанұя мен балалар үйінің балалары сауықтыру курстарын алып жатыр.
«Айнабұлақ» санаториясы осындай акцияларды өткізіп жүргендері бірінші рет емес. Олардың арқасында көптеген білім мекемелері жиһаз, оргтехника, ішкі көрініс заттарын алды. Осындай көмектер көрсетудің мүмкіндігі көбінде бар деп сенеміз. Біздің акция олар үшін үлгі болса екен деп тілейміз.