12-12-2013 «Аяз Атаға хат» 2014 жобасы старт алды

Осы аптада біздің қор Астана мен Алматыда бірнеше шырша құрып қойды. «Аяз Атаға хат»...

Осы аптада біздің қор Астана мен Алматыда бірнеше шырша құрып қойды. «Аяз Атаға хат» жобасының мәні неде екенін естеріңізге салып айта кетейік. Балалық әлеуметтік білім мекемелерінің бастауыш мектептер тәрбиеленушілері барлығы жақсы көретін жаңа жыл сыйқыршысының атына хаттарын жазады. Бұл хаттарында балалар Аяз Атадан не алғылары келетіндерін жазады. Хаттармен шыршалар әшекейленеді, әр қалаулары бар адамдар балалардың хаттарын оқып, оның сұрақтарын орындай алады, солай, өздерінше бір Аяз Ата болып. Адамдарды олардың күнделік істерінен алаңдатпас үшін, тек біз пошталық маркаларында көрсеткен соманы конвертке салса болды, ал, сыйлықтарды біз өзіміз жобаның аяғында сатып аламыз. Сыйлықты өздеріңіз сатып алып қорға апарып беруге де болады. Жобаға қатысудың тағы бір формасы – «Аяз Атаға хат» жобасын өткізу кезінде балалар хаттары үшін пошталық жәшік рөлін атқарып тұрған шынылы бокске қалаған соманы қайырымдылыққа салу. 

Астанада дамуларында интеллектуалды кедергілері бар балаларға арналған интернаттардың 50 балдырғандары хаттарын жазыпты. Алматыда Аяз Атаға аз қамтылған жанұя балаларына арналған арнайы (түзету) №10 және 17 мектеп-интернатының бірінші сыныбының 120 оқушысы жазыпты. Дамуларында интеллектуалды кедергілері бар балаларға арналған арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатының 1 және 2 сыныптар тәрбиеленушілері де мейірімді сыйқыршыға жазған жолдамалардың авторлары болып қалды. Біз, бізге өз координаттарын қалдырып балалық ертеңгілігіне қатыса алатындардың барлығына балаларға жеке өздері сыйлықтарын сыйлауға мүмкіндік бере аламыз.

Биыл шыршалар Астанада «Керуен» ССО-да және  Capital Education тіл орталығында құрылды, ал, Алматыда Қазақстан Халық банкінің орталық кеңсесінде, Mon amie дүкенінде (Гоголь к., 75 қ-сы Фурманов к.) және Saks Fifth Avenue (Esentai mall, 1 қабатында) құрылды. Барлығыңызды «Аяз Атаға хат» жобасына қатысуға және жаңа жылдық мерекесін одан да көңілді етуге шақырамыз.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп