Жаңа жылдық мереке естулері бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) №1 мектеп-интернатында өтті. Біз балалар үшін 3 көңілге жағымды сыйлық дайындап қойдық. Біріншісі – Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен Алматылық мемлеттік цирк әртістерінің қоюлары. Балалардың алдына клоундар, сыйқыршы, жылан үйретуші шықты. Балалар қоюға белсеңді қатысты. Сыйлықтың екіншісі «Мамамия» мен Ciao pizza мейрамханалар желісінің ұсынған жаңа жылдық дастарханға қойған тәтті-дәмді сыйлықтары болды. Үшінші сыйлық – интерактивтік тақта. Бұл қымбат тұратын оқу құралын сатып алу үшін дисконт BeSmart сервисі мен Ciao pizza және Мамамия пиццериялар және кофеендер желісі қаражат жинады. Естеріңізге сала кетейік, Флюра Муратова Батырова, мейрамханалар желісінің қожайыны «АЯЛА» қайырымдылық қор достар Клубының президенті болып табылады. Мерекеге және интерактивтік тақтаға бары 506 726 теңге кетті. Бүгінгі шара біздің №1 интернатпен ынтымақтасымыздың алыс біріншісі емес. Біздің қор интернатта әлеуметтік-тұрмыстық тұспалдау бөлмесін жабдықтап берген, жиһаз бен тұрмыстық техникасын жіберген, ал интернаттың территориясына балалық ойын ауласы салынды.
Жақын арада қордың жобалар жөніндегі координаторы Динара Муратова мен Ciao pizza және Мамамия мейрамханалар желісінің өкілі Андрей көп балалы және аз қамтылған жанұялар балаларына сыйлықтар апарып тапсырды. Бұл балалардың барлығы балалық №17емханасында медициналық көмек алып жатыр.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1890-news-kz#sigFreeId952e983423