Бүгін «Арман» кинотеатырында «АЯЛА» қайырымдылық қоры жаңа жылдық «Аяз Атаға хат» жобасының қорытындысын жасауда.
Аз қамтылған жанұя балаларына арналған арнайы (түзету) №10, №17 интернаттарының түлектері мен дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатының бастауыш сыныптар оқушылары үшін жаңа жылдық мереке «Аяз Атаға хат» жобасының финалы болды. Бұл жобаның мәнін естеріңізге сала кетейік. Балалық әлеуметтік білім мекемелерінің бастауыш сыныптар тәрбиеленушілері барлығы жақсы көретін жаңа жылдық сыйқыршының атына хат жазыпты. Бұл хаттарында балалар Аяз Атадан олардың нелерді алғылары келетіндерін айтқан екен.
2013 жылдың 12 желтоқсананда хаттармен «АЯЛА» қайырымдылық қорының Қазақстан Халық банкінің бас кеңсесінде, Saks Fifth Avenue дүкенінде және парфюмерия мен косметика Mon amie дүкенінде орнатқан шыршасы әшекейленген. Астанада біздің шырша «Керуен» ССО-да тұрды. Бұд шыршаны әшекейлеп тұрған хаттардың авторлары дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиленушілері болды. Әр қалаулары бар адам хатты оқып оның сұрауларын орындай алтын болды, солай өздерінше бір Аяз Ата болып. Биыл 175 бала хат жіберіпті, олардың барлық сұраулары орындалды. «Аяз Атаға хат» жобасына негізі 992 938 теңге жинауға мүмкін болыпты. Бұл қаражатқа «АЯЛА» қорының қызметкерлері балалар ертегілік кейіпкерінен сондай үмітпен сұраған сыйлықтарды сатып алды.
Астаналық мектеп-интеррнатының жаңа жылдық мерекесі Алматылықпен бір күні өтті. Интернаттың акт залы салтанатты әшекейленген, балалар қонақтар үшін тұтас қою дайындапты. Ал Аяз Ата балаларға сыйлықтар берген кезде, олардың қуаныштарында шек болмады, себебі олар нақ өздерінің хаттарында сұрағандарын алды.
Алматыда жаңа жылдық мереке, басқармасы екі жыл қатарымен «Аяз Атаға хат» жобасының мерекесін өткізуге және қорытындысын жасауға шүйіркелесе мүмкіндік беріп жүрген «Арман» кинотеатрында «Иван Царевич и Серый волк 2» мульфильмімен басталды. Тартымды және қуанышты мультфильмнен кейін кинотеатрдың фойесінде балаларды Аяз Ата мен Ақшақардың бастауымен кішкентай ұл балалар мен қыз балаларды жаңа жылдық көріністерімен, ойындарымен және конкурстарымен тарқан ертеңгілік кейіпкерлер күтіп отырды. Шараның аяғында ең көп күткен кез келді – сыйлықтарды ұсыну. Сыйлықтардың көбін балалар Аяз Атаның қолынан алды, ал Атаның өзінің көмекшілері - эльфтері де болды. Олар, хаттарды оқып сыйлықтар алуға қажет қаражат сомасын салған, жаңа жылдық шараға келіп, өздері хаттарына үн қосқан балаларға өз қолдарымен сыйлықтарды ұсынған адамдар болды. Қазақстан Халық банкінің қызметкерлкерлері мен клиенттеріне, Saks Fifth Avenue және Mon amie дүкендердің келіп-кетушілеріне балалық хаттармен әшекейленген «АЯЛА» қорының шыршасының қасынан жәй өтіп кетпегендері үшін үлкен-үлкен алғысымызды айтамыз. Армандаған сыйлықтарынан басқа, әр бала дәмді тамақтар – «Арман» киноорталығы ұсынған гамбургер-меню алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/1892-news-kz#sigFreeIdfdf3f7a3db