Бүгін даму мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған облыстық арнайы №2 мектеп-интернатында мерекелеу өтті. Мектеп территориясында жаңа түрлі-түсті балалық ойын алаңы салынды. Бұл «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Менің балалық шағымдағы аула» жобасының кезекті кезеңі болды.
Үлкен өкінішке орай, интернаттар мен балалық ауруханалар территорияларында ойын жабдықтары үшін орын-жер негізімен жоқ. Әрі кетсе, мекеменің ашылған сәтінде орнатылған қақпа рамкасы бар футбол алаңы, темір турник және брустар болуы мүмкін. «АЯЛА» қайырымдылық қорының Алматы қаласында балалық ойын алаңын орнату жағынан бай тәжірибесі бар. Одан басқа, қор Астана, Семей, Өскемен, Петропавловск, Атырау және Талдықорған қалаларының балалық білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде алаңдар салған. Міне, бүгін, енді, замануи және қауіпсіз спорттық-ойын алаңы Теміртауда да ашылды.
№2 мектеп-интернатында 1-ден 9-шы сыныпқа дейін 120-дан 150-ге дейінгі тәрбиеленуші білім алып жатыр. Негізгі диагноздары: жеңіл ақыл-ой кемтарлығы мен орташа ақыл-ой кемтарлығы – Аутизм және басқа ілеспе күрделі аурулар: туа талтақаяқтық, жамбас-ұршық сүйектерінің өзгеруі, БЦСА, спастикалық гемипарез, диплегия, әр түрлі деңгейдегі ауырлығы бар сколиоздар және басқа. Интернатта белсеңді «Денсаулық» және «Спорт» бағыттары бойынша спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Берілген бағыттар бойынша жұмыстардың нәтижесі «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша республикалық, және, тағы басқа, халықаралық олимпиадалардағы тәрбиеленушілердің спорттық жетістіктері болып табылады. Дүниежүзілік Қысқы Олимпиадалық ойындарында АҚШ-та №2 мектеп-интернатының оқушылары алтын және қола медальдерін жеңіп алды.
«Бүгін ашылған замануи спорттық-ойын кешені интернат тәрбиеленушілері үшін спорттық дайындалуға жақсы бұйым болады. Түрлі-түсті кешенде гимнастикалық брустар мен шығыршықтар, турниктер, қолмен жүруге арналған бұйымдар, теннис үстелі және балаларға денелік үйлесімді дамуға көмектесетін көп басқа заттар бар. Ал, денелік даму, белгілі зат, интеллекті дамуға ықпал етеді. Даму мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған біздің интернеаттың тәрбиеленушілері үшін бұл, әсіресе маңызды», - деп белгіледі интернат директор лауазымын атқаратын Ирина Владимировна НАБУШЕВА.
«АЯЛА» қоры көп жыл бұрын өзінің «Менің балалық шағымдағы аула» жобасына серіктес етіп КСИЛ компаниясын таңдап алған болатын. Бұл өндірістің барлық спорттық-ойын жабдықтары ұзақ уақыттығымен, мықтылығымен ерекшеленеді де, қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына сәйкес келеді. Одан басқа, тағы, КСИЛ компаниясы біздің қорға жақсы жеңілдік ұсынып отырады. Алаңның жалпы бағасы 2 630 650 теңгені құрайды. Спорттық-ойын кешенін салып құруда демеуші болып осы жоба үшін 93 000 теңге бөліп берген қарағандылық Deluxe жорналы шықты. Жорналдың бас редакторы Әлиә Садырбаева рәсімге өзі қатысып, ойын алаңының белгіленген кіреберісіндегі бауды кесті.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ былай деді: «Өкінішке орай, бүгінгі рәсімге біздің қайырымдылық қорымыздың өкілдері қатыса алмады. Біздің Deluxe жорналындағы серіктестердің уақыт тауып алаңның ашылуына келгендері, өте қуанышты болды. Біз осындай шараларға өз серіктестерімізді қашанда болса шақырып отырамыз, біздің жұмысымыздың нәтижесіне өз көздері жетіп отырсын, деп».
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2021-news-kz#sigFreeId96ed98191f