Бүгін аз қамтылған жанұя балаларына арналған №17 мектеп-интернат тәрбиеленушілері үшін Almaty Resort санатория территориясында спорттық-сауық-ойын шарасы өтті. Мереке Халықаралық балалар қорғау күніне ұшталған болатын. Almaty Resort әлеміндегі үлкен оқиғаға 5-8 сыныптарының 50 оқушысы қатысты.
Шара Almaty Resort санаториясының әкімшілігі ұсынған дәмді балмұздақпен тамақтандырумен басталды. Үлкен оқиға төрт кезеңнен тұрды: бірінші кезең құрғақ жерде өтті де, және оған шынықтыру жаттығулары, волейболды және баскетболды эстафеталар, санатория территориясында қазыналарды іздеу, сурет салу және сұрақ-жауап сайыстары кірді. Екінші кезең бассейнде өтті. Балалар үйлесімді жүзуде және қылмыңдауда жарысты, судың үстінде де, астында да ойнады, және жай ғана жақсы демалып алды. Одан кейін дәмді және тойымды түстік болды. Төртінші кезең кинотеатрға бару болды, онда балалар қызық «Оз: Великий и Ужасный» ертегісін көріп шықты. Осындай шараны өткізудің бастаушылары мен демеушілері болып өздерінің территориясын, бассейні мен кинотеатрын төлем ақысыз ұсынған Almaty Resort санатория әкімшілігі шықты. Дәмді гамбургер-менюмен балалар мен тәрбиешілерді әбден төлем ақысыз жедел тамақ мейрамханалар торабы Mr. Burger & Pizza тамақтандырды. Тамақтандырғандары үшін балалардан ерекше алғысымызды айтамыз. Солай-ақ, Raimbek Bottlers компаниясы да төлем ақысыз жеміс-жидек шырындарын ұсынды.
Барлық басқа мерекеге шыққан шығындарды, ал, ол 180 000 теңге, туристтік Gloria Inc. компаниясы жауып шықты. Бұл сома көлікке, аниматорлар командасының жұмыстарына төлеуге, балаларға сыйлыққа кетті. Бұл компанияның директоры Вильдана Битанова «АЯЛА» қайырымдылық қоры достары Клубының ең бір тұрақты және белсеңді мүшелерінің бірі.
Педагогтар мен балалар шара деңгейін жоғары бағалады. Халықаралық балалар қорғау күнін мерекелеу созылған оқу жылынан кейінгі жақсы бір бәсеңдету болдып табылды.
«Бізді де, барлық қайырымдылық ұйымдар қызметкерлері сияқты, демеушілер мен шара өткізетін орындарды іздейтін біз емес, бізді іздейтіні және өз қызметтері мен көмектерін ұсынатыны қатты қуантады. Ақырғы үш жыл тәжірибесі, барлық жылдың ағымында балалар үшін шамалы және шығыны сондай көп емес мерекелерді ұйымдастыру, тек қана дәстүрлі кездерде емес – Жаңа жылда және Балалар қорғау күнінде, меценаттардың назарынан жиі тыс қалатын мекемелер балаларының көбірек санын қатыстыруға мүмкіндік береді. Біздің сайттан «Мейірімді істер жасайық» жобасының бөлімінде балалық мерекелер туралы толық ақпарат табуға болады», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2024-news-kz#sigFreeId6e9eb5e8e7