Бүгін біз Алматылық облыстық аз қамтылған жанұялар балаларына арналған №15 мектеп-интернатындамыз. Біз сыйлықтар – көп санда спорт бұйымдары мен жабдықтарын алып келдік. Интернат тәрбиеленушілері спорттың командалық түрлерімен – футбол, волейбол, баскетболмен айналысуға болатын доптар алды. Мектепке дене шынықтыру сабақтары үшін гимнастикалық обручтар, эпандерлер тапсырылды, интернаттың спорт залына швед қабырғасы орнатылды.
Балалар мен педагогтар үлкен ынталылықпен сыйлықтарды қабылдады және барлық жоғарыда айтылған бұйымдарды сатып алу үшін қаражат жинауға көмектескен адамдарға жылы алғыстарын айтты. Ал осы мейірімді адамдар Диана Баймухаметова, Trade Commerce Oil компаниясының қызметкерлері, және Active O2 сауда таңбасы бар «Horeca Import» ЖШС мен компанияның директоры Константин Чертыковтың өзі болды. Бұл жобаның жалпы бағасы 149 900 теңгені құрады.
Бұл оқиға «АЯЛА» қайырымдылық қорының 2010 жылдан бастап іске асырып келе жатқан бұрыннан және тұрақты дамудағы «Мейірімді істер жасайық»( «Давайте делать добрые дела (4D)») жобасының кезекті кезеңі болды. «4D» жобасының барлығы шамалы және жиі өте аз бюджетті балалар мерекесінен тұрады. Дәстүрлі болып Дүниежүзілік балалар күні, Аяз Атаға хат, Қуаныш күні, Халықаралық би күні, Дүниежүзілік мультфильмдер күні және тағы басқа балалар мерекелері қалыптасты. Барлық осы шаралардың мақсаты – қажеттенген балалар үшін мейірімді істерді жасауға осындай мерекелер арқылы да болатынның көрсету үлгісі.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық бей-жай емес адамдарды біздің бастауымызға қосылуға шақырады.