16-09-2014 Интернаттарға жаңа спорт бұйымдары жіберілді

Қыркүйектің 16-сы мен 17-сінде әумесерлік мінез-құлықтары бар балаларға арналған...

Қыркүйектің 16-сы мен 17-сінде әумесерлік мінез-құлықтары бар балаларға арналған мектеп-интернатына және Алматы қаласындағы сөйлеулерінде ауыр бұзылулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) №9 мектеп-интернатына дене щынықтыру сабақтары үшін көп санда спорттық бұйымдар тапсыру рәсімі өтті. Бұл білім беру мекемелеріне швед қабырғасы, гимнастикалық обручтар, спорттың ойын түрлері үшін доптар, штанга грифі және тағы спорт залы үшін басқа атрибуттар тапсырылды. Бұл сыйлықтарға тек дене шынықтыру оқытушылары ғана емес, оқушылар да өте қатты қуанды. №9 интернаттың тәрбиеленушілері бізге және Ariix компаниясынан демеушілерге спорттық залында сыйлықтар үшін алғыстарын білдіріп қысқа, бірақ көрнекті көрініс дайындапты. 

Тапсырылған спорттық бұйымдарының жалпы бағасы 473 200 теңгені құрады. Тапсырыс «АЯЛА» қоры бірнеше жылдардан бері іске асырып келе жатқан «Сау дененің рухы сау» жобасы шектеуінде өткізілді. Осы жобаның арқасында көптеген білім беру және медициналық мекемелерде спорт залдары мен ЕДШК бөлмелері жабдықталған болатын. 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп