Бүгін шала еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының территориясында «АЯЛА» қайырымдылық қоры салған балалық споттық-ойын алаңын ашу рәсімі өтті. Семей қаласына арналған «Менің балалық шағымдағы аула» жобасының демеушілері болып «Мамамия» мейрамханалар торабы, Ciao pizza, авиакомпания «Эйр Астана» және «Кағанат» асханалар торабы шықты. Алаңның жалпы бағасы 3 208 175 теңгені құрады.
«АЯЛА» қоры «Менің балалық шағымдағы аула» жобасын 2007 жылдан бері іске асырып келеді. Осы уақыт арасында қормен КСИЛ компаниясы өндірген 21 балалық алаң Алматы, Астана, Семей, Өскемен, Петропавловск, Атырау, Талдықорған және Теміртау қалаларының балалық медициналық және білім беру мекемелерінде орналастырылды. Бұл жобаны іске асыруға барлығы 47 млн. теңге бағытталған болатын. «АЯЛА» қоры орналастырған барлық алаңдар көп уақытты, мықты, және қауіпсіздік талаптарына сәйкес.
2012 жылдың 1 қыркүйегінде «АЯЛА» қоры мен «Эйр Астана» авиакомпаниясы Семей қаласындағы аз қамтылған жанұялар балаларына арналған мектеп-интернатының территориясына ойын алаңын орналастырған болатын. Одан кешірек қорға №4 мектеп-интернатының педагогтар, оқушылар және ата-аналар ұжымдарынан осындай алаңды олардың да территориясына орнатып беруді сұраған ұсыныс түсті.
Шала еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернат 1978 жылы ұйымдастырылған. Мектепте 100 бала – есту жағынан мүгедектер оқып жатыр. Оқушылардың көбі – аз қамтылған және толық емес жанұя балалары, 58% - басқа қаладан. Жылдың көп бөлігін балалар интернатта өткізеді. Педагогтар ұжымы балалар өздерін мектепте үйлеріндей сезіну үшін барлық амалды жасап бағады. «АЯЛА» қоры педагогтарға интернат жағдайын жақсартуға көмек беруге тырысады.
«Біздің қор, Семейде тағы бір түрлі-түсті және қауіпсіз балалық ойын алаңының пайда болғанына өте қуанышты. Бүгін интернатта ашылған замануи ойын кешені тек интернаттың тәрбиеленушілеріне ғана емес, бірақ, осы арадағы барлық балалар үшін де жақсы көретін ойын орны болар. Біз ол туралы тек естуден ғана біліп отырған жоқпыз, біз, міне, 7 жылдан бері «Менің балалық шағымдағы аула» жобасын іске асырып келеміз. Өкінішке орай, рәсімге біз де, біздің серіктестеріміз де шаралар кестесінің тығыз болуы себебінен бара алмадық.
Біздің қаражат жинауға арналған бокстардың қасынан жай өтіп кетпей, «Менің балалық шағымдағы аула» жобасын іске асыруға өз үлестерін қосқан Ciao pizza мейрамханалар, «Мамамия», «Кағанат» асханалар торабтарының және авиакомпания «Эйр Астана» билеттерін сату жөніндегі кеңселердің келіп-кетушілеріне үлкен рахмет. Осы алаңды салу үшін қаражат жинауға қатысқан барлық адамдардың атынан барлық балалар мен педагогтарға табыс тілеймін, және алаңға ұқыпты болсын, сонда ол оларды ұзақ уақытқа дейін қуанта түседі», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2066-news-kz#sigFreeId1032eba192