03-04-2016 Таңқаларлық жағдай қасымызда!

Театр неден басталады? Бұл сұраққа жауапты «SOS Алматы Балалар ауылы» отбасылық...

Театр неден басталады? Бұл сұраққа жауапты «SOS Алматы Балалар ауылы» отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері алды. М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында балалар театр тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат алды. Мұндай тамаша сыйлықты олар Дүниежүзілік театр күні қарсаңында алды. Ең әуелі балалар «Хрусталь кебіс» атты екі қимылды ертегіні қарады. Содан соң бұл спектакльде ойнаған барлық актерлер сахнада қалып, балалармен әңгімелесіп, естелік ретінде ұжымдық фотоға түсті. Бұдан кейін театрдың бас әкімшісі  Елена Анатольевна Дианова театрға қызықты экскурсия жүргізді.

Балалар декорацияларды қарап, оларды қалай басқаратынын көрді, сахналық гардеробпен танысты, әртістерге аяқ-киімнің қалай тігілетінін көрді. Бұдан басқа, оларға театрдың пайда болу тарихы туралы әңгімелеп берді. Экскурсия барысында балалар таң қалып, шаттанып, тамаша көңіл-күйге бөленді. Болашақта балалардың актер, режиссер, жарық түсіруші немесе сценарист болуы да ықтимал.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп