06-04-2016 Мультфильм күнін атап өтеміз!

Алматы қаласының тұрмысы төмен балаларға арналған № 17 мектеп-интернатының...

Алматы қаласының тұрмысы төмен балаларға арналған № 17 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері тату-тәтті компаниясымен керемет мерекені атап өтті. «АЯЛА» қайырымдылық қоры балаларға арнап Дүниежүзілік мультфильм күнін ұйымдастырды. Бұл күнді Халықаралық анимациялық кино қауымдастығы 2002 жылы құрды. 1906 жылғы 6 сәуірде Vitagraph американдық кинематограф бірлестігінің негізін қалаушылары Джон Стюарт Блэктон және Альберт Смит «Күлкілі адамдардың комикалық фазалары» деген алғашқы анимациялық фильмдер сериясын түсірді. Олар ғаламшар тарихындағы алғашқы мультфильмдер болды, осы мультиктерден анимация тарихы басталды. 

Интернат тәрбиеленушілері «Арман» киноорталығында «Маймылдар королі» атты мультфильм көрді. Содан кейін кішкентай көрермендер Burger King мейрамханалар желісінде тамақтанды. Барлығы бұл керемет мерекеге 30 бала қатысты. Олар – бірінші, екінші және үшінші сынып оқушылары. Балаларды тасымалдауды «Сбербанк» АҚ ЕБ ұйымдастырды.

 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп