Біздің қор көп уақыттан бері және жемісті дамуларында интеллектуалды бұзылулары бар балаларға арналған Алматы қаласындағы арнайы (түзету) №7 мектеп-интернатымен ынтымақтастасып келеді. Біз интернатқа әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу бөлмесін, слесарлық шеберханасын жабдықтауға, ас әзірдейтін бөлікті қамтуға көмектестік, интерактивті тақта, логопедтік тренажер және тәрбиеленушілердің білім үдерісі мен тұрмыстарын жақсартуға арналған басқа да жабдықтарды жібердік.
Бізге педагогикалық ұжым келіп тәрбиеленушілердің біреуіне көмек көрсетуді сұрады. Қыз бала аз қамтылған жанұяда тұрады, педагогтар маусым бойынша осы қызды өз қаражаттарына киіндіруге мәжбүр болған екен, себебі, жанұясының осыған жағдайы жоқ екен. Интернаттың педагогтары мен қызметкерлерінің жалақылары өте аз. Біз қосымша қаржылық жүкті тәрбиешілердің мойндарынан алуды шештік. «АЯЛА» қорының достар клубы көмек сұраған өтінішке үн қосты. Олжас Калиев пен Диана Баймухаметова 33 600 теңге бөліп берді. Бұл қаражатқа тәрбиеленуші үшін маусымды және қысқы куртка, колготкалар, кофталар, және құз-көктемгі және қысқы 2 жұп аяқ-киім сатып алынып берілді. Енді қыз ауа райына қарай және сәнге қарай киініп жүр.